Жаңа жобаны жүзеге асыраудан ұтарымыз көп

Цифровизация
14.11.2019, 21:56
3 мин чтения
Райхан Рахметова

«Қазақстан темір жолы» компаниясының алдына қойған басты стратегиялық мақсаттарының бірі – компания жұмысының тиімділігін арттырып, оны 2023 жылға қарай қаржылық дағдарыс аймағынан алып шығу. Осы бағыттағы басымдық – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және халықаралық бағдарлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасап, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту болып отыр.

Аталған Стратегияны жүзеге асырудың басты құралы – «Цифрлық трансформация» бағдарламасы. Соның шеңберінде «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы осы сәрсенбіде компанияда ақпараттық күн ұйымдастырылды.

Жиынға төрағалық еткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов жобаның мақсаттары мен тиімділіктерін түсіндіріп берді.

– Бұл жоба мақсаты – пойыздар қозғалысын автоматты түрде басқару, есепті автоматтандыру, өндірістік қызметті жоспарлау, талдау және бақылау үшін моральдық тұрғыда ескірген және тозған ДЦ жүйесін жеке өңдеу бойынша заманауи микропроцессорлық құрылғыларына ауыстыру. Мұның тиімділігі неде? Тиімділігі – пойыздар туралы ақпараттық мәліметтер есебімен автоматты тәртіпте телімдерде пойызға қатысты болатын жағдайларды үздіксіз бақылау, телімдік жылдамдықты арттыру, КТСМ құрылғылары көрсеткен, станция аралықтарында пойыздардың аялдауынан болатын өнімсіз шығындарды азайту, технологиялық процесс графигінің орындалуын бақылау, ұлттық компания телекоммуникациясының цифрлық желілерін құру болып отыр, – деді ол.

Барлық телімдерде микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыруды енгізіп болғаннан кейін қазірден бастап-ақ пойыздарды басқару орталығын екі бағыт бойынша құру мәселесі қарастырылуда. Бірінші нұсқа – Ақтөбе, Көкшетау, Қарағанды, Семей және Алматы қалаларында пойыздар қозғалысын басқарудың бес өңірлік орталығын және НұрСұлтан қаласында бір басты орталық ашу. Екіншісі – Нұр-Сұлтан қаласында пойыздар қозғалысын басқарудың бір орталығын құру.

Жоба жүзеге асқаннан кейін бірқатар станциялар мен станция аралықтарын бағыттама бұрмалары мен бағдаршамдардың бір қосынынан басқару, пойызбен қатысты жағдайлардың автоматты тәртібін үздіксіз бақылау мүмкіндігі туады. Тасымалдау процесін жүйелі ситуациялық талдауды, пойыздардың тұрып қалуын болжалдау мен талдауды қамтамасыз етеді. Пойыздарды өткізуде және құрамдарды бекітуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша түрлі басқару деңгейіндегі жұмысшы-қызметкерлердің әрекеті бақылауға алынады. Қысқасы, Қанат Әлмағамбетовтің айтуынша жаңа жобаны жүзеге асырудан ұтарымыз көп.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 2018-2025 жылдар аралығы. Оны іске қосқаннан кейін пойыздар жағдайы туралы ақпаратты бірыңғай орталыққа беру мүмкіндігі туады. Былтырдан бері жоба іске қосылғалы бірқатар жұмыстар атқарылыпты. Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау магистральдық желі бөлімшелеріндегі 4 телімге микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру енгізілді. Жоспарланған 127 желілік-аппарат залының үшеуінде жабдықтар цифрлық арнатүзгіш құралдарға ауыстырылды. 36 белгі беру және байланыс дистанциясының 11-де пойыз жүріп келе жатқанда жылжымалы құрам бойынша автоматтандырылған бақылау жүйесі енгізілді. 36 ШЧ-да СЦБ және байланыс құрылғылары бойынша түбегейлі және дәнекерлеуді енгізудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды.

«Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» жобасын жүзеге асыруды бастауға бірнеше факторлар алғышарт болды. Мәселен, кейбір телімдерде диспетчерлік орталықтандыру жүйесінің жоқтығы, диспетчерлік орталықтандыруда релелік жүйенің болуы, көлік дәліздеріне кіретін телімдердің өткізгіштік қабілетін қамтамасыз етудің мүмкін еместігі, кейбір телімдерде жылжымалы құрам жағдайын басқару құрылғыларының болмауы, ақпарат тарату арналарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің мүмкін еместігі.

Жиында жобаның ағымдағы жағдайы мен жақын уақытқа арналған жоспарлар туралы «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының телемеханика және телекоммуникация, автоматика департаментінің директоры А.Әбдірахманов мәлімет берді. 

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ