Берері мол бағдарлама
Новости
18.05.2018, 11:55
Соңғы бес жылда «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы бойынша 432 станция мен разъезде 728 нысан қалпына келтірілген. Бұл жұмысқа 5 миллиардтан астам қаржы жұмсалыпты. Бағдарлама тағы 5 жылға ұзартылып отыр.
Бастапқыда «Мөлдір бұлақ» бағдарламасында қарастырылған шараларды жүзеге асыруға 10,3 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылыпты. Алайда, темір жол пункттерін ірілендіру және басымдыққа ие жобаларды анықтау нәтижесінде, сондай-ақ, барлық жұмысты сырттан адам жалдамай, шаруашылық тәсілмен атқару нәтижесінде 5,8 млрд теңге игерілген.
- Бұл қаржының 3,6 млрд теңгесі Ұлттық компания тарапынан бөлінген инвестиция, ал 1,5 млрд теңгесі қоғамның, қалған 719 млн теңге Магистральдық желі дирекциясының күрделі салымы болып отыр. Атап өтерлігі, 2015 жылдан бастап Бағдарламадағы барлық шаралар «Теміржолсу» АҚ мен Магистралдық дирекцияның жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. 517 км-ден астам су өткізу желісі, 24,5 км кәріздендіру жүйелері жаңартылып, 50 су айдауыш мұнара, 69 су өткізуші-су сорғы станциясы, 19 кәріздендіру-сорғы станциясы, 79 шахталық және құбырлы құдық қалпына келтіріліп, 53 ұңғыма бұрғыланып, тазартылып, жабдық орнатылды. Мұнымен қоса, 70 темір жол пунктіне суды тазалап әрі залалсыздандыратын заманауи жабдықтар орнатылды, – деп атқарылған шаруалар легімен бөлісті қоғамның вице-президенті Ермек Искаков.
Алматы-Шу темір жол телімінде салынған екінші жолдарды электрлендіруге байланысты Саз және Жайлау жабық станцияларындағы сумен жабдықтау нысандары да қайта құрылымдалып, оларға «Тазасу» су тазартқыш құрылғысының орнатылыпты.
Әрине, «Теміржол су» мекемесі тарапынан жүргізіліп жатқан шарапаты мол шаралар мұнымен шектелмек емес. Мәселен, 20 станцияда теміржолшылардың 387 тұрғын үйіне есептеу құрылғысын орната отырып, сумен жабдықтау желісі жүргізілсе, 12 шағын разъездегі үйлер соңғы үлгідегі жуыну, санузел, су жылыту құрылығыларымен жабдықталған. Жалпы бағдарлама жүзеге асқан жылдар ішінде 276 стратегиялық сумен және жылумен жабдықтаушы нысан бейнебақылау және дабыл қағатын құрылғымен жарақтандырылып, нысандар қоршалып, санитарлық қорғау аймақтары белгіленген. Десе де, бүгінде 210 станция мен разъезге су тасымалданып жүр. Сол себепті, «Теміржолсу» АҚ мен Магистральдық желі дирекциясы бірлесе отырып, «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын жалғастыруды көздеп отыр. Ол 2018-2022 жылдар аралығын қамтымақ. Бұл бағдарлама шағын станциялар мен резъездердегі халықты сапалы сумен қамтамасыз етіп, су тасымалданатын темір жол пункттерінің санын қысқарта түспек. Бұл жұмыстарға 5866 млн теңге көлемінде қаржы да бөлініп қойған. Оның 1302,8 млн теңгесі «Теміржолсу» АҚ бюджетінен шығарылатын болса, қалған сома Магистральдық желі дирекциясы қазынасынан жұмсалмақ.
«Суды тасуға кететін пайдалану шығындарын қысқарту мақсатында қазіргі кезде Шығыс Қазақстан өңіріндегі №41, №332 және Жалпақ разъездеріне сумен жабдықтау жүйелерін салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде жылына 25 млн теңге шамасында қаржы үнемдеу мүмкіндігі тумақ» дейді «Теміржол су» өкілі.
Оның айтуынша, қалпына келтірілген нысандар мен суды тасымалдауды қысқарту арқасында Магистральдық желі дирекциясы жылына 20 млн теңгені үнемдеуге қол жеткізіпті. Ал жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген белсенді жұмыстар нәтижесінде, шағын темір жол пункттерінде сумен жабдықтау нысандарын салуға және қалпына келтіруге, мемлекеттік бюджеттен бүгінде шамамен 1,2 млрд теңге көлемінде инвестициялық қаражаттар тартылған.
Алдағы күн жоспарымен бөліскен Қоғамның өндіріс жөніндегі вице-президенті Ермек Қабышұлы, биылдан бастау алған бес жылдық бағдарлама шеңберінде 258 нысанды жөндеп және 241 станция мен разъезде ауқымды жұмыстар жүргізілетінін, бұл өз кезегінде, негізгі өндірістік активтердің тозуын 19%-ке дейін төмендететінін, сондай-ақ, су тасымалданатын станциялар қатарын 88 станцияға дейін қысқартатынын атап өтті.
Сұлугул БАКЕСОВА
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык