«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы ірі көмір разрездері өкілдерімен кезекті көшпелі кеңес өткізді. Кездесуде Шұбаркөл және Қызылжар жүк тиеу станцияларының инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар көмір тиеуге қажетті көлікпен қамтамасыз ету және ашық вагондарды ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желісінде көмір разрездерінің қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін темір жол көлігі жеткілікті. Қатты отынды тасымалдауға жеке меншіктегі 35 мың жартылай вагон тартылып отыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Қазтеміртранс» АҚ 13 мыңнан астам вагон ұсынса, бұл қолданыстағы парктің 66% құрайды. Кеңес барысында жүк жөнелтушілерге операциялар барысында вагондардың тұрып қалмауын және олардың айналымын азайту жүктелді.
Биылғы 9 айда қазақстандық тұтынушыларға 53 млн тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% жоғары.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге және өндіруші кәсіпорындарға кірме темір жол құрылысының тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.