Көмір тиеу станцияларының инфрақұрылымын дамыту - тасымал тұрақтылығының кепілі

Жүк тасымалы
22.10.2021, 10:01
Оқуға 1 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы ірі көмір разрездері өкілдерімен кезекті көшпелі кеңес өткізді. Кездесуде Шұбаркөл және Қызылжар жүк тиеу станцияларын инфрақұрылымдық дамыту, сондай-ақ көмір тиеуге қажетті жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және ашық вагондарды ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желісінде көмір разрездерінің қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ету үшін жылжымалы құрам жеткілікті. Қатты отынды тасымалдауға 35 мың түрлі меншік нысанындағы ашық вагон тартылып отыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Қазтеміртранс» АҚ көмір тасымалына 13 мыңнан астам вагон ұсынып отыр. Бұл қолданыстағы парктің 66% құрайды. Кеңес барысында жүк жөнелтушілерге ашық вагондардың жүк операциялары барысында тұрып қалуы уақытын және олардың айналымын азайту ұсынылды. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 9 айында қазақстандық тұтынушыларға 53 млн тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% жоғары. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге көмір өндіруші кәсіпорындарға кірме темір жолдар құрылысы перспективаларын қарау бойынша тапсырмалар берілді.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды