Семей ЖТ бөлімшесі биыл 12 млн тоннадан астам жүк тасымалдауды жоспарлап отыр

Жүк тасымалы
22.10.2021, 10:06
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде жүк айналымын арттыру бойынша қолға алынған шаралар оң нәтиже беруде. Бұл орайда соңғы тоғыз айдың қорытындысында оң көрсеткіштер көп. Осыған қарап, межелі шаралар толық орындалып жатқанына көз жеткізуге болады. Жүк түсіру мен тиеу бойынша соңғы мәліметтерге сүйенсек, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда атқарылған жұмыс көлемі 102 пайыз болыпты. Бұл техникалық жоспардың да көзделген мөлшерден асыра орындалғанын айғақтайды. Әсіресе, түсті металл өнімдері тиелетін Жаңғызтөбе, әктас пен қиыршық тас, шағыл артылатын Суықбұлақ, ішкі әрлеуге арналған құрылыс материалдары тиелетін Аягөз станцияла- рындағы жүк тиеу көрсеткіштері бұрынғыға қарағанда анағұрлым жоғарылап отыр. Сонымен қатар, 1-класты Жаңа-Семей жүк станциясынан темірбетонды өнімдер мен «Силикат» ЖШС-ның кірпіш өнімдері мен цемент тиеу де артқан. Бұл аталған станциялардағы негізгі басымдық берілетін жүктерге жатады. Ал, Семей станциясында астық пен мультимәдени дақылдар тиеудің көлемі биыл да жоғарылап отыр. Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының айтуынша, цемент жөнелтуде техникалық жоспар бойынша межеленген жоспар асыра орындалған. Тек осы құрылыс материалын тиеудің өзі 109,1 пайызға жетіп отыр. Оған ел шығысында мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысының жылдағы мөлшерден артуы да біршама себеп болуда. Яғни, құрылыс материалдарының тасымалы Қаражыраның көмірінен кейін екінші орында тұр. Жалпы, биылғы жылы жергілікті теміржолшылар толық көлемі 12,0 млн тоннаның үстінде жүк тасымалдауды жоспарға алып отыр. Оның ішінде, әлбетте, тұрғынүй және жол құрылысына арналған материалдардың үлесі мен көмір тасымалының көлемі және астық өнімдері жылдағыдай мол болып отыр. Сонымен қатар, биылғы күзде «Шығыс- Астық» ЖШС мен жаңадан ашылған күнбағыс майын шығаратын «Qazaq-astyq group» ЖШС ұлттық компаниясымен арадағы келісімшарт негізінде тапсырыс көлемін еселеп отыр. Өндірілген тауар көлемі негізінен Ресей мен Орта Азия елдеріне экспортталады. Биылғы жылы шығыста зығыр, рапс және күнбағыс дақылдарының алқабы ұлғайыпты. Сондықтан да, Ауыл, Белағаш станцияларында осы жүк түрлерін тиеу биыл қайтадан қолға алынуда. Осы орайда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша өндіріске жұмсалатын шығын мен кіріс көлемі бойынша көрсеткіштер қазіргі күні нәтижелі түрде орындалуда. Биыл жүк айналымын 7418 млн ткм неттоға жеткізіп, учаскелік жылдамдықты 39,44 км/сағ.-қа жоғарылату семейлік теміржол- шылар үшін басты меже саналып отыр. Ал, қазіргі күнгі қол жеткізілген нәтижелерге қарап жыл соңына дейінгі екі айдың ішінде көзделген жоспар толығымен орындалады деген сенім бар.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды