Биыл теміржол көлігімен 210 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Оқуға 1 мин
2021 жылдың 10 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ 212 млн.тонна жүк тасымалдады. Оның ішінде еліміз бойынша жүктің 138 млн. тоннасы, ал экспортқа 74 млн. тоннасы жөнелтілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында тас көмір тиеу 3,7% өсіп, 86 млн.тоннаны құрады. Қазақстандық тұтынушыларға 60 млн. тонна қатты отын жеткізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% өсті. Экспортқа 26 млн. тоннасы жөнелтілді. Астық тиеу 2,6% артып, 7,2 млн.тоннаға жетті. Оның ішінде экспортқа 5,4 млн.тоннасы тиеліп, өсім 5,6% құрады.
Есепті кезеңде 14,5 млн.тонна мұнай жүктері, 13 млн. тонна құрылыс жүктері, 22,8 млн. тонна темір кені мен марганец, 18 млн. тонна түсті кен мен күкірт шикізаты, 3,2 млн. тонна химиялық тыңайтқыштар, 4 млн. тонна қара металдар тасымалданды.
Биылғы 10 ай қорытындысы бойынша пайдалану жүк айналымы өткен жыл деңгейіне қарағанда 2% артып, 197,2 млрд.т-км неттоны құрады.