«Енгізілген ковидке қарсы шараларға байланысты қытайлық тараптың пойыздарды шектеулі қабылдауы жағдайында құрамдастырылған тасымалдар жылжымалы құрамның әмбебап түрінің айналымын қысқартады, сондай-ақ қытай тарапында контейнерлердегі жүктерді қабылдады жеңілдетеді», - деді «KTZ Express» АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар.
ҚХР-ға катодты мысты алғашқы құрамдастырылған тасымалдау жүзеге асырылды
Оқуға 1 мин
Балқаш станциясынан Шаньси провинциясына (ҚХР) катодты мыс салынған 17 жабық вагон жөнелтілді. Оның салмағы 1300 тоннадан асады. Жөнелту құрамдастырылған тасымалдау қағидаты бойынша жүзеге асырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Алдымен мыс Алтынкөл станциясына дейін жабық вагондарда, содан кейін «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС терминалында оны контейнерлерге қайта тиеу жүзеге асырылды. Контейнерлік пойыз қысқа мерзімде: бір күн ішінде құрылды. Бір жабық вагонға тиеу жылдамдығы рекордтық 1 сағат 10 минутты құрады.