Семейде көмірге сұраныстың артуына орай қосымша тұйық желілер салу қажет

Жүк тасымалы
30.11.2021, 12:55
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде жүк айналымы бойынша көмір тасымалына айрықша мән берілуде. Себебі, аймақ тұрғындары арасында қатты отынға сұраныс азаймай отыр. Бүгінгі таңда теміржол тұйықтарында көмір тапшылығы жоқ, дегенмен алдағы уақыттарда қарбалас тудырмау үшін ірі станциялар маңынан жаңадан қосымша тұйық желілер салу қажет. Бұл туралы жуырда ШҚО Энергетика және Тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығы басқармасы басшысы мәлімдеді және оны бірінші кезекте Өскемен қаласында қолға алу керек деді. Жалпы, қазіргі таңда ел шығысы бойынша жылыту маусымына көмірдің жылдық қажеттілігі шамамен төрт мың тоннаны құрайды. Оның ішінде жылу көздері үшін 2,6 мың тонна және коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін 1,2 мың тонна көмір қажет. Бүгінгі күні коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін қатты отынның қажетті көлемінің 98 пайызы, халық үшін көмірдің осындай мөлшері және бюджеттік ұйымдар үшін барлық көлем жеткізілді. Әйтседе, алдағы уақытта бұл қажеттілік көлемі өсе түсуі мүмкін. Бұл жайт қазірдің өзінде сезілуде. Мәселен, өткен қазан айында Өскемен қаласының көмір тұйықтарында отын тапшылығы байқалды.Бұл тұтынушылар тарапынан наразылық тудырған. Арнайы құрылған комиссияның анықтауы бойынша қалыптасқан жағдайдың бірнеше себептері болған. Ең бастысы – тұрғындар көмірді алдын-ала, жаз айларында, қоймаларда жеткілікті отын жиналған кезде сатып алмаған. Ал күзде, ірі жылу көздері үшін көмірді белсенді түрде жеткізу басталған кезде, ортаға делдалдар килігіп, жеке саудадағы көмір бағасын көтеріп жіберген. Қазіргі таңда аймақ бойын- ша вагондардың меншік иесі «Қазтеміртранс» АҚ ашық вагондарды жеткізуді уақытында қамтамасыз етуде. Дегенмен өтінім әр он күн сайын ресімделетіндіктен үлгеріп жұмыс істеу қиындық тудырып отыр. Алдағы уақытта жағдайды реттеу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на және «Қаражыра» АҚ-на тасымалданатын көмірді тәулігіне 450 вагонға дейін жеткізу, оның ішінде халыққа 180-нен аса және жылу көздеріне 267 вагон жеткізу туралы хаттар жіберіліпті. Қараша айында аймақтағы тұйық желілерге 6 605 вагон көмір жеткізілген. Соның есебінен қазір облыстың теміржол тұйықтарында 12,4 мың тонна көмір бар, оның ішінде Өскеменде үш мың тоннадан астам, Семейде бес мың тонна, Аягөз қаласында екі мың тоннадан астам, Алтай ауданында мың тоннадан асатын қатты отын бар. Яғни, көмір тапшылығы жоқ. Тұрғындар қалаған мөлшерде көмір сатып ала алады. Жағдай толық бақылауда. Сонымен қатар, штаб мүшелері анықтағандай, теміржол тұйықтарындағы ұзын-сонар кезектерді жеке тұрғындар емес, алыс аудандардан күніне бірнеше рет қатты отын алуға келетін алыпсатарлар туындатады екен. Міне, осындай жағдайларға жол бермеу үшін ірі қалалардан теміржол тұйықтарын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл мәселені облыстық әкімдік пысықтауда.

– Жалпы, облыс бойынша темір жол тұйықтарындағы көмірдің орташа құны тоннасына 11 300 теңгені құрайды. Шығыстағы қалалар мен аудандар әкімдіктері жағдайды бақылауда ұстап, халық үшін көмір бағасының шамадан тыс өсуіне жол бермеу үшін жұмыс жүргізуде. Ал, бөлімше бойынша Дегелең станциясынан аймақтың әр тарабына көмір жеткізуде кедергі жоқ. Тәулігіне 6 200 тонналық 63 вагоннан тұратын ауыр салмақты пойыздар уақытылы құрастырылып жолға шығарылуда, – дейді бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің мамандары.

Сәйкесінше, барлық жүк станцияларындағы маневрлік жұмыстар жеделдетілген түрде жүзеге асырылады. Локомотив пен вагон тапшылығын болдырмау мәселесі бөлімше басшылығының назарында тұр.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті