«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкеновтың төрағалығымен жылжымалы құрам иелерінің, жөндеу кәсіпорындарының, ірі жүк алушылар мен жүк жөнелтушілердің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Қатысушылар қауіпті жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін және тасымалдау кезінде  ағып кетуіне жол бермеу шараларын талқылады.

Мұндай жағдайлардың негізгі себептері – вагондардың жеке меншік иелеріне тиесілі цистерналардың техникалық ақаулығы, сондай-ақ жабық вагондарда жүктерді орналастыру және бекіту кезіндегі бұзушылықтар.

ҚТЖ вагондар мен цистерналардың техникалық жай-күйіне, әсіресе жөндеуден кейін және тиеудің дұрыстығына бақылауды күшейтуді ұсынуда. Магистральдық желіге кірер алдында және жүру жолында қауіпті жүктері бар вагондарды тексеруге ерекше назар аудару қажет.

Осы талаптарды сақтау қауіпті заттардың ағып кету қаупін азайтады және тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.