«Біздің жобамыз Қазақстан экспортерлеріне Қытайға тауарларды бәсекеге қабілетті бағамен жеткізу бойынша тұрақты және үздіксіз сервис ұсынады», – дейді Е. Түлендиев.
Қытайға тауар экспорттаушы 2-3 кәсіпкердің жүгін бір контейнерге тиеуге мүмкіндік туды
Оқуға 1 мин
«KTZ Express» АҚ шағын және орта бизнестегі экспортерлер үшін Қытайға жүк жеткізудің жаңа тәсілін ұсынып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Биыл 30 қарашада Алматы станциясынан қытайдың Сиань қаласына контейнерлік пойызбен LCL (less than container load) қағидаты бойынша бірінші құрама жүк жөнелтілді. LCL сервисінің негізгі идеясы – жүк жөнелтушіге бүкіл контейнерді емес, тек оның бір бөлігін ғана пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Алғашқы жөнелтілімде, мысалы, 40 футтық контейнермен үш қазақстандық компанияның жүгі жиналған. Құрама контейнер межелі жерге 10 күннен соң жетеді.
«KTZ Express» АҚ мен «QazTrade» АҚ – жөнелту жұмыстарын ұйымдастырушылар. «KTZ Express-Оңтүстік» филиалының басшысы Ерлан Түлендиевтің айтуынша, бұл аз ғана жүк жөнелтетін шағын және орта өндірушілер үшін өте тиімді болмақ және контейнермен жүк жіберу қай жағынан да өте ыңғайлы екені белгілі.