Семей ЖТ бөлімшесінің бір тәулікте 154 вагон жүкті түсіріп-тиеуге мүмкіндігі бар

Жүк тасымалы
18.02.2022, 11:53
Оқуға 3 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы бірер жылдың көлемінде Семей ЖТ бөлімшесінде логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бойынша тың тәсілдер қолға алынуда. Алғашқы нәтижелер жаман емес. Өткен жылды қорытындылаған бөлімше басшылығы осындай қорытынды жасады.

Бөлімше басшысының логистика жөніндегі орынбасары Болат Өтегеновтің айтуынша, көптеген кедергілерге қарамастан өткен жылы жүк тиеу көрсеткішін арттыру 104 пайызға орындалған. Ал, биылғы жоспар бұдан да көлемді болып тұр. Оған қол жеткізу үшін логистика саласының мамандары статистикалық жүктемені арттыру бойынша тың шаралар қабылдауда. Атап айтсақ, жергілікті вагон айналымын ширатып, бір жүк тиеу операциясын жүзеге асырудағы контейнерлік пойыздарды сұрыптауды қайта қарастыруды жүзеге асырмақ.

Мәселен, техникалық жоспардың артығымен орындалуы үшін бұл жұмыстардың маңыздылығы зор екендігі өткен қаңтар айындағы көрсеткіштер бойынша толық дәлелденіпті.

– Бүгінде бөлімше көлемінде жүк айналымын арттыру бойынша бірқатар тың шаралар қабылданған. Оның нәтижелі екендігін көрсеткіштердің өсуінен анық байқауға болады. Атқарылған жұмыстардың ішінде әсіресе жүк пойыздарын межелі жерге кестеден кешіктірмей жеткізіп, жүктерді түсіру ісін оңтайластыру басымды орын алады. Бұл орайда өткен жылы барлық станциялардағы жүк түсіру 109 пайызға орындалды. Қазіргі мүмкіндіктер бойынша бір тәулік ішінде 154 вагон жүкті шектеулі мерзім ішінде түсіріп, босаған вагондарды қайта құрастырып жолға шығаруға толық мүмкіндік бар, – дейді Семей ЖТ бөлімшесі басшысының логистика бойынша орынбасары Болат Оразтайұлы.

Айта кетерлігі, бұл шараларды жүзеге асыру барысында жоспардан тыс жұмыстар да орын алуда. Мәселен, Суықбұлақ пен Жаңғызтөбе станцияларынан жол құрылысына арналған жүктерді тиеуге берілген тапсырыстың бірден артып кетуінен жүктеме көлемі күрт өскен. Жүк станцияларындағы техникалық процесс барысында мұндай жағдайлар да ескеріледі. Болат Өтегеновтің айтуынша, өткен жыл мен биылғы қаңтар айы бойынша тиелген жүк ішінде бидай мен ұн өнімінің артып отырғаны байқалады. Өткен жылы оның орындалуы алдыңғы жылмен салыстырғанда 174 пайызға өскен. Ұн өнімдері негізінен Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдеріне жөнелтілген.

Сол тәрізді жүк жөнелтуші «Алам Сервис» ЖШС-нің тапсырысы аясында түсті металл көлемі де айтарлықтай ұлғайған. Мұның барлығы биылғы атқарылар шаралар үшін елеулі жүктеме болары анық.

Дегенмен жүк айналымы бойынша анықталған кемшіліктер де жоқ емес. Бұл жайт, әсіресе, станция басы аса қауырт саналатын Жаңа-Семейде байқалған. Атап айтсақ, «Жылукоммунэнерго» МКК-нің өздеріне тиесілі көмір тиелген вагондарды қабылдап алудағы мимырт қимылы біраз бөгет болған. Бұл жайттар өткен жылдың қараша-қаңтар айларында тіркеліпті. Қазіргі күні бұл станция қызметкерлері олқылықтың алдын алу шараларын ойластырып жатыр. Тіркелген жайттың барлығы ағымдағы жылғы бөлімше көлемінде жүргізілетін техникалық процесс барысында толықтай ескеріліп, оң қорытынды шығарылуы тиіс. Жүргізілген талдау мен сараптама осыны міндеттейді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды