«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қазтеміртранс» АҚ (ҚТТ) еншілес кәсіпорын жылжымалы құрамының жұмыс паркі 33,6 мыңнан астам вагонды құраса, оның ішінде 24,2 мыңы жартылай вагон және 6,3 мыңы жабық вагон. Бұл ретте ұн тасымалдауға жарамды жабық вагондар саны тек 2 мың бірлікті құрайды.
ҚТТ вагондары паркінің шамамен 90%-і Қазақстан бойынша жүк тасымалдауға тартылған. Жылыту маусымында жартылай вагондар паркінің 80%-і тұрғындар мен ЖЭО үшін көмір тасымалдауға арналған. ҚТТ вагондарына сұраныс артып келеді, өйткені оларды пайдалану қызметінің бағасы нарықтан 30-40% төмен.