2022-2023 жылдың жылыту маусымында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан бойынша 28 млн тоннадан астам көмір тасыған, бұл өткен жылғыға қарағанда 2%-ға жоғары, , деп хабарлайды Rail-news.kz.

Еліміздің жылу және электр станцияларына 24,1 млн тонна көмір жеткізілген, осылайша адға қойған жоспар 100%-ға орындалған. Тұрғындар үшін 4,2 млн тонна тасты көмір тиелген, бұл өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 16%-ға жоғары. Қатты отынды тасу үшін ҚТТ паркінің 17,3 мың жартылай вагоны жұмылдырылған.