Семей арқылы Ресейге жүк жеткізу 2,5 есе артқан

Жүк тасымалы
02.12.2022, 09:50
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде соңғы он айдағы көрсеткіш бойынша транзиттік жүк легі артып отыр. Оған көршілес Ресей мемлекетімен арадағы сауда-экономикалық қатынастардың жақсаруы, жаңадан құрылған Абай облысына құйылған инвестицияның артуы, соның ішінде бірінші кезекте тау-кен өнеркәсібінің қарқын алуы себеп болып отыр.

Өткен жылмен салыстырғанда Семей бөлімшесі арқылы Ресейдің Сібір бөлігіндегі өңірлеріне жүк жеткізудің көлемі 2,5 есеге дейін артқан. Бұл орайда бөлімшенің шекара шебінде орналасқан Локоть станциясы арқылы қатынайтын жүк пойыздарының саны қаңтар айынан бастап өсіп келеді. Жаһандық геосаяси ахуалдың күрделенуі екі ел арасындағы жүк және жолаушылар тасымалының еселеп артуына біршама әсер етіп, шығыстағы теміржолшылардың жұмысын да ширата түсуде. Соның нәтижесінде техникалық процестер барысындағы көптеген кедергілерге қарамастан бөлімшедегі жүк тиеу көрсеткішін арттыру 100 пайыздан аса орындалыпты.  

– Осы жылдың он айының қорытындысы бойынша ғана Қазақстан мен Ресей арасында Семей ЖТ бөлімшесі арқылы тасымалданған жүк айналымы 2,8 млн тоннаны құрағанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Қытайдан транзиттік жүк ағыны Ресейге негізінен Семей теміржолы арқылы өтеді. Ал Ресей облыстары мен кері бағыттағы жолаушылар тасымалы 400 мыңға жуық адамды құрады. Бұл – бұрынғы жылдарға қарағанда анағұрлым жоғары көрсеткіш, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары.  

Таяу жылдарға жасалынған болжам бойынша транзит ағыны алдағы жылдан бастап тіптен арта түспек. Оған жуырда Орынбор қаласында өткен Ресей мен Қазақстан арасындағы XVIII аймақаралық ынтымақтастық форумындағы жасалған меморандумдар себеп болмақ. Яғни, «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын және екі ел арасындағы «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін дамыту бойынша Семей шаһары Азия мен Еуропаны байланыстыратын көпір және маңызды көліктік хабқа айналуы тиіс. Өткен жыл мен биылғы 10 айдағы жүк айналымы бойынша көрсеткіш бұл бағытта жұмыс жүргізудің тиімділігін айғақтай түседі.  

Семей бөлімшесі бойынша алдағы уақыттарда орындалуы тиіс бірқатар межелі шаралар қатары мол. Бұл орайда әсіресе тасымалдау динамикасын ескере отырып, ұзындығы 270 шақырымды құрайтын «Аягөз – Бақты – Қытай шекарасы» теміржол учаскесінің құрылысы жобасының тиімділігі аса жоғары. Аталмыш жоба Қазақстан және Ресей темір жолдарының тікелей қатысуымен инфрақұрылымды дамытып, оның ішінде Семей қаласынан «құрғақ порт» салуды көздейді.  

Ал осынау бірегей жоба аяқталып, Қытай Халық Республикасымен үшінші теміржол өткелі ашылғанда инфрақұрылымдық қуаттылық жылына 20 миллион тонна жүк тасымалына артатын болады. Бұл жайт өз кезегінде Қазақстан – Ресей – Қытай мемлекеттерінің арасындағы өзара тауар айналымын, Семей ЖТ бөлімшесі арқылы өтетін транзит тасқынын еселеп ұлғайтатын болады.  

Жалпы, шекаралық сауда аумағын дамыту, транзиттік жүк тасымалын арттыру, туризмді өркендету мәселелерінде тиімділігі мол Бақты – Аягөз жобасы осыған дейін де Қытай және Қазақстан мемлекеттері арасында ұзақ жылдардан бері кеңінен талқыланып келе жатыр. Аталмыш жобаны жүзеге асыруға Қытай тарапы ғана емес, транзиттік-логистикалық шараларды дамытуды көздеп отырған Қазақстан Үкіметі мен Ресей елі де мүдделі болып отыр.  

Өз кезегінде бұл межелі шаралардың барлығы қазіргі күннің өзінде дамудың стратегиялық жоспарына енгізіліп, қажетті шаралар қабылдануда.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты