Атырауда жүк тасымалы төмендеп кетті

Жүк тасымалы
25.05.2023, 14:00
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Негізгі табыс көзі мұнай тасымалы болып табылатын Атырауда тасымал көлемі бұрынғы қалпынан төмендеп бара жатқаны жасырын емес. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша төрт айда көрсеткіштер кеміп кеткені осыны айғақтайды.

Айталық, жүк айналымы 997 млн ткмнетто болып 76,1%-ды құраса, жүк тиеу 1115 мың тонна болып, 77,8%-ды құраған. Әйтсе де, негізгі қызмет бойынша (тасымал арқылы) қаржылай табыс көлемі былтырғы жылғы осы уақытқа қарағанда 33,4%-ға жоғары болып отыр. Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлім басшысы Әзиз Айжарықовтың түсіндіруінше, жоспар бойынша көрсеткіштердің межеден төмен болуына орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кеміп кетуі, транзиттік тасымалдың азаюы себеп. Мәселен, «Теңізшевройл», «Батыстрансгрупп», «Тенгизская Транспортная Компания», «Исткомтранс», «РТС Холдинг» компаниялары тарапынан 22912вагон/1283072 тонна пропан, бутан, мазут, кокс, сера, ксилол тиеу азайып кетті, өйткені жүктерді экспортқа тиеуге конвенциялық тыйым қойылған. Сонымен қатар ішкі-сыртқы түйіспе жолдар бойынша вагондар саны, пойыз қабылдау да азайып кеткен.  

– Теңдік, Қарабатан, Құлсары станцияларынан Новороссийск-Солтүстік Кавказ темір жолы, Азов, Лужская Вышестеблевская С.Кавказ, ҚХР МГСП Достық-Алашанькоу бағытында жүк жөнелтушілерге конвенциялық тыйым қойылғандықтан Теңдік станциясынан 1188 вагон мұнай өнімдері, Құлсары станциясынан 718 вагон күкірт, Қарабатан станциясынан 180 вагон күкірт өнімі тиелмей қалып, жалпы жүк тиеу көлемін азайтқан. Сол тыйым әсерінен, экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемі, құрылыс материалдары мен халық тұтынатын, басқа да тауарлар тасымалы да қалыпты деңгейді тұрақтай алмағанын айта кеткен жөн. Соның ішінде ресурсұстаушылардан қара мұнай өнімдеріне деген тапсырыс бұрынғыға қарағанда төмен болғанын көреміз. Оған нарықтағы ауқымды дағдарыс, мұнай бағасының тұрақсыздығы, өнімнің болмауы және сатып алушылардың төлемқабілетсіздігі де себеп, – деп түсінік берді өндірістік-техникалық бөлім бастығы.    

Сонымен қатар өңірде темір жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, соған орай «толаскез» алынады, кей жерлерде шпалдардың ескілігі мен (Атырау-Қиғаш) жолдың нашарлығынан жылдамдықты шектеуге тура келеді. Мұндай жағдайда жүк айналымымен қоса, жүк тиеу, жүк вагоны өнімділігі, вагонның орташа тәуліктік жүрісі, вагонның статистикалық салмағы, бір жүк операциясына вагонның тұруы, локомотив жүрісі, пойыздың учаскелік жылдамдығы, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы сынды басқа да көрсеткіштер төмендейді. Техникалық жоспарға келсек, жүк тиеу көлемі 108,3 пайызға орындалып, 299 мың тоннаға артқан. Соның ішінде вагонның орташа статистикалық салмағы 100,6%,  динамикалық салмағы 100,1, жүк вагондарының тиелген вагондарға шаққандағы жүрісі 100,4%-ға орындалып, өлке теміржолшыларының жоспар межесінен шығып, тасымал көлемін арттыруға әрекеттеніп  отырғандығын көрсетеді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады