Қасым-Жомарт Тоқаев: Көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күшке айналуы тиіс

Жүк тасымалы
04.09.2023, 12:46
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осы жылдың 1 қыркүйегінде жылдағы дәстүр бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын арнады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деген атаумен жарияланған жолдауда  еліміздегі стратегиялық маңызды міндеттердің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану мәселесіне ерекше басымдық берілді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы транзиттік тасымалды жүзеге асырушылардың бірі «Қазақстан темір жолы» компаниясын толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтауды тапсырды.

Жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатқан бүгінгі әлемде көліктік транзит саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Мәселен, Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар.  

– Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс. Қазір бәсеке күшейіп тұр. Осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керек. Ең алдымен «Достық-Мойынты», «Бақты-Аягөз», «Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы ірі теміржол жобаларын сапалы жүзеге асыру қажет. Оның қатарында Алматыны айналып өтетін теміржол желісі де бар. Қазақстан көлік саласында Ресеймен, Қытаймен ынтымақтастығын жалғастыра береді. Біздің транзиттік әлеуетімізді нығайтуда Транскаспий бағыты маңызды рөл атқарады. Орта мерзімді перспективада осы дәліз бойынша тасымалдау көлемі бес есеге ұлғайтылуы мүмкін. Ол үшін серіктес елдермен – Қытай, Әзірбайжан, Грузия, Түркиямен күш біріктіру қажет. Бақты өткелінде жаңа «құрғақ порт» салу, Ақтауда контейнерлік хаб құрылысын жеделдету, орта дәліз бойында Қара теңіздегі порт қуатын кеңейту міндеті тұр. Қытайдың Сиань мен Грузияның Поти портында қазақстандық терминалдардың құрылысы басталды. Бұл – қытайлық «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын ұлттық бастамаларымызбен жұптастырудың нақты мысалдары. Көлік әлеуетін іске асыру біздің барлық жақын елдермен, соның ішінде Ресеймен, Қытаймен, Орталық және Оңтүстік Азиядағы көршілерімізбен сындарлы және тату көршілік қатынастарымызға байланысты, – деді Мемлекет басшысы.  

        Президент Қазақстанға теңіз инфрақұрылымын дамытуға арналған біртұтас жоспар керек екенін жеткізді. Онда Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс. Құрықты Ақтау порты сияқты толыққанды логистикалық кластерге айналдыру қажет. Осы ретте ол «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізінің де өте маңызды екенін атап өтті. Себебі сол арқылы Парсы шығанағына шығуға болады. Біртіндеп бұл бағыттағы теміржол желісінің өткізу мүмкіндігін екі есе арттыру керек.

Сонымен қатар ол биыл жыл басынан бері айтып келе жатқандай, «Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажеттігіне тоқталды. Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе Қазақстан көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуы тиіс.  

– Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуі тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды, – деді Президент.

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті