Қыркүйекте ҚТЖ желісімен 29 млн тонна жүк тасымалданбақ

Жүк тасымалы
06.09.2023, 18:16

Осы жылдың қыркүйегіне ҚТЖ желісі бойынша 29 млн тоннаға жуық жүк тасымалдауға негізгі жоспар жарияланды. Бұл ретте, тамыз айында 26 млн тоннадан астам тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 8% -ке жоғары. 

Біркелкі тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық тасымалдаушы жүк жөнелтушілерді тасымалдауды нақты жоспарлауға шақырады.

Жүктерді тасымалдау қағидаларында жүктерді тасымалдауды жоспарлаудың 2 түрі көзделген: тасымалдауды айлық жоспарлау (негізгі жоспар) және жоспардан тыс тасымалдау (қосымша жоспар).

Теңіз порттары мен құрлықтағы шекаралық өткелдер арқылы «үшінші елдерге» тасымалдау кезінде өтінімдер жоспарланған ай басталғанға дейін 20 күн бұрын беріледі. ТМД елдеріне, Литваға, Латвияға, Эстонияға және Қазақстан Республикасы бойынша облысаралық қатынаста тасымалдау кезінде негізгі жоспар бойынша өтінімдер жоспарланған ай басталғанға дейін 14 күн бұрын қабылданады.

Автоматтандырылған жүйе бойынша өтінімдер алдағы айға тасымалдау көлемін келісу үшін Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңеске (ТМД және Балтық елдеріне қатысушы елдердің Теміржол көлігі мәселелеріндегі уәкілетті орган) беріледі.

 ҚТЖ «Узбекистон темир йуллари» АҚ-мен жүк тиелген құрамдарды қабылдауды арттыру бойынша келіссөздер жүргізді. Қазіргі уақытта бірқатар өтінімдер Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан теміржол әкімшіліктерінде келісілуде.

Жүкті тасымалдаудың қосымша жоспарлары белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Тасымалдаушы теміржол желісінің өткізу қабілеттілігінің шектеулі болуына және басқа да себептерге байланысты қосымша жоспарларды келісуден бас тартуы мүмкін. Бас тартудың барлық жағдайлары бойынша жүк жөнелтушілер хабардар етіледі.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда