Биыл семейлік теміржолшылар Қаражыра кенішінен 5,7 млн тонна көмір тасымалдады

Жүк тасымалы
16.11.2023, 09:53
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жүк тасымалының негізгі басым бөлігін көмір тасымалы құрап отыр.  Әлеуметтік маңызды жүкті тиеу мен түсіру жұмыстары тіпті жазғы мезгілдің өзінде күн тәртібінен түскен емес.  

Биылғы жылы семейлік теміржолшылар Қаражыра кенішінен 5,7 млн тонна көмір тасымалдапты. Бұл жылдық жоспардың 86,1 пайызын құрайды. Ағымдағы жылғы қарқын бұрынғы жылдармен салыстырғанда біршама жоғары. Әсіресе шетелге көмір экспорттау ісінде елеулі табыс бар. Өткен он айдың көрсеткішіне үңілсек, ел көлеміндегі қажеттілікті өтеу үшін 4,6 млн тонна қатты отын тиелінсе, шетелдерге жөнелту үшін 1,1 млн тонна тасымалданған. Негізгі тұтынушылар Абай және Шығыс Қазақстан облысы, ал экспортталатын елдер іргелес Ресей мен Орта Азия мемлекеттері.

Биылғы жылға көмір тасымалдау мамыр айынан қарқын алған болатын. Оның нәтижесі қазір, қатты отын тиеу мен жеткізудің маусымдық сипат алған кезінде байқалып отыр. Жылдағыдай «көмір безгегі» жоқ. Әйтсе де, бұл тараптағы барлық техникалық процесс қатаң бақылауда тұр. Бөлімше бастығы Алмас Сейсемқановтың басшылығымен құрылған арнайы штаб белсенді жұмыс жүргізуде. Босаған вагондарды көмір тиеу үшін өз уақытында жинап алу, өндіріс барысында кідіріс болдырмау, жартылай вагондардың айналымын жылдамдату, т.т. түгел бақылауда. Қатты отын тасымалы штаттық режимде жүргізілуде.

Жалпы, биылғы ерекшелік, бөлімшедегі барлық көмір тұйықтары жазғы мезгілдің өзінде толтырылып отырды. Соның нәтижесі күллі аймақ көлемінде қатты отынның мол қоры жасақталды. Мәселен, ірі зауыттары бар Өскемен қаласындағы «Сейком» ЖШС бастаған бірнеше серіктестік қазан айына дейін 158,4 тонна көмірге тапсырыс беріп, оның жартысынан астамы жазғы мезгілде жеткізіліп беріпті. Жеке сектор үшін де көмір сатып алуда ешқандай әуре-сарсаң орын алған жоқ.

Бөлімшедегі барлық тораптық станцияларда көмір тиелген жылжымалы құрамдар іркіліссіз жіберіледі. Негізгі күш бірінші класты жүк станциялары Дегелең және сұрыптау жұмыстары жүргізілетін Жаңа-Семей мен Семейге түсуде.  

Тораптық жүк станциялары мен бөлім басшылары кіретін арнайы штаб теміржол тұйықтарындағы көмір қорына да тұрақты түрде есеп жүргізіп отырады.  

Мәселен, бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық қоймалары мен алаңдарында 16,6 мыңнан астам коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктегі көмір қоры бар. Көмір тұтынудағы қажеттіліктері аса жоғары, бірнеше іргелі кен байыту комбинаттары бар қала үшін бұл жоғары нәтиже. Ал бұл көрсеткіш Қаражыра кеніші орналасқан Абай облысы бойынша 6,2 мың тоннаны құрайды.

Ағымдағы қараша айы бойынша көмір жөнелтуші «ВостокУгольПром» ЖШС жоспары бойынша 783,5 тоннаның қатты отынын тиеу межеленген. Бұл орайда аталмыш серіктестіктің тапсырысына орай бос жылжымалы құрамдармен қамтамасыз ету ісі толыққанды түрде жүргізілуде.

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?