Көмір тасымалында ең жоғары көрсеткіш тіркелді

Жүк тасымалы
21.11.2023, 09:58
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар биылғы жылу маусымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын көмірмен қамтамасыз етуде жоспарлы шараларды толығымен орындады. Бұл орайда күллі республика бойынша ең жоғары көрсеткіш ел шығысында тіркелді.

Қазіргі таңда жергілікті теміржолшылар аймақтағы қатты отынға деген сұранысты 90 пайызға дейін толығымен өтеді. Соның ішінде әлеуметтік аз қамтылған санаттағы тұрғындарға көмір жеткізу ісі жоспар бойынша 50 пайызды көрсетіп отыр. Бұл еліміздегі жоғары көрсеткіш саналады. Оған қол жеткізуге бірден бір себеп – жазғы мезгілдегі арнайы құрылған штаб қызметінің нәтижесі.  

– Штаб жұмысының негізгі мақсаты мамыр айынан бастап қолға алынған коммуналдық-тұрмыстық бағыттағы көмір тасымалын ширату болатын. Бұл ретте көмірдің жалпы көлемінің 50 пайызы жазғы мезгілдің өзінде-ақ тасымалданып жеткізілді. Қоймалар мен теміржол тұйықтары күзгі мезгілде қатты отынмен толық қамтылды, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесі бастығының логистика бойынша орынбасары Талғат Зияданов.  

Теміржолшылардың бұл еңбегі аймақтағы көмір бағасына да тікелей әсер етіп, биыл қатты отын бағасы көтерілген жоқ. Тіпті шалғай ауылдардың өзінде де арзан бағадағы көмірге кезексіз қол жеткізу оңайға түсіп отыр. Оның үстіне биылғы жылы «Қаражыра» кенішінен жұртшылық «орех» атап кеткен, қызуы аса жоғары, сұрыпталған, кесектері ірі, сапалы көмір көбірек босатылып, Семей, Өскемен, Аягөз станцияларының тұйықтарына дер кезінде жеткізілді.  

Жалпы, семейлік теміржолшылар биылғы қатты отын тасымалына көптеген жаңашылдықтар енгізген болатын. Мәселен, бөлімше басшылығы арнайы қауырт желі жұмысын жолға қойды. Жылу орталықтары мен қазандықтар, көмір саудалаушы серіктестіктер мен ұйымдар тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейтін Колл-Орталыққа хабарласып, өтініш пен ұсыныс немесе шағым түсіруге мүмкіндік алды. Мұның сыртында барлық клиенттер бөлімше басшысының WatsApp нөміріне арыз-шағым жазып, тіпті дәлел ретінде фото-бейне жазбалар да жолдауға болады. Соның арқасында көмір жеткізу мәселесінде логистика саласы мамандары тарапынан нақты шаралар дер кезінде қабылданып отырды.  

Бұл шаралардың сыртында «Қазтеміртранс» АҚ вагондарының айналымын біртіндеп жоғарылату, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп тұрғындар үшін жеңілдікпен берілетін көмір алатын кірме жолдардың аудитін жүргізу сынды тың міндеттер сәтімен жүзеге асырылған болатын. Сондай-ақ барлық станция басшылары бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөліміне әр тәулік сайын көмір тұйықтарындағы, қоймалар мен жылу қазандықтарындағы көмір қоры жайында кесте түріндегі есеп өткізіп отырды. Осы атқарылған жұмыстар қазіргі таңда өз жемісін беруде.  

Бүгінде бөлімше бойынша қатты отын тасымалы штаттық режимде жүргізілуде. Техникалық процесс пен аймақтағы барлық көмір тұйықтары ұлттық компания тарапынан құрылған мониторингтік топтың бақылауында тұр.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті