Аймақ ахуалы қандай?

Жүк тасымалы
26.12.2023, 10:19
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Теміржол бөлімшелерінің жұмыс нәтижесі жалпы 16 пайдалану көрсеткіші бойынша бағаланады. Оның негізгісі әрине, жүк айналымы. Әрі қарайғы жоспарлы талаптар осы жүк тасымалына қатысты туындайды.

Нақтырақ айтсақ, олар вагон және локомотив өндірісі, вагондардың жүрісі, салмағы, жүк көлемінің динамикасы мен статистикасы секілді бір-біріне тығыз байланысты міндетті жұмыстар.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – Жамбыл бөлімшесі филиалы бастығының бірінші орынбасары Мақсатбек Қазақбаев аймақтағы ахуал, пайдалану көрсеткішінің орындалу барысына шолу жасады.  

– Техникалық жоспар бойынша 16 көрсеткіштің 11-і, директорлар кеңесі қойған 16 талаптың 13-і орындалмай келді. Бірақ қазан-қараша айларында жоспарды асыра орындап, көрсеткіштер бойынша айырмашылықтар арасын біршама қысқарттық. Алғашқысын 5-ке дейін, кейінгісін 2-ге дейін төмендеттік. Барлық талаптарды жүзеге асыру бағытында жұмысты зерделеп, жыл соңына дейін межеге жетуді көздеп отырмыз, – дейді Мақсатбек Айтмұрзаұлы.  

Биылғы жылдың 9 айында Жамбыл жол бөлімшесінде бірқатар талаптар бойынша көрсеткіштердің төмендеуі – Жамбыл өңірінің Индустриялық аймағындағы өндіріс орындарында жүк тасымалының азайып кетуімен байланысты. «Қазфосфат», «ЕуроХим – Қаратау» және «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС-де есепті кезеңде жүк айналымы өскенмен, «Тараз қант зауыты», «Шығыс кен басқармасы», «Балқаш түсті металл» ЖШС-ларында керісінше күрт кеміген.  

Жүк айналымының көрсеткішін көтеріп тұрған «Қазфосфатта» жүк тиеген вагон саны 480-ге артып, тасымалданған жүк көлемі 30 952 тоннаға өскен. Ал «ЕуроХим – Қаратау» серіктестігінде былтырғы 10 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 51 415 тоннаға көбейіп, вагон саны 747-ге ұлғайған.  

«Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС есепті кезеңде 269527 тонна жүк тасымалдап, қосымша 1681 вагонды іске қосқан.  

Жүк айналымы төмендеген «Тараз қант зауытында» көрсеткіш 47,55 пайызға кеміген. «Шығыс кен басқармасы» серіктестігінде – 30,6, «Балқаш түсті металл» ЖШС-да 20,4 пайызға жүк тасымалы азайған.  

Жергілікті билік өндіріс көлемін арттыру үшін индустриялық аймаққа инвесторлар тартуды қолға алуда. Кәсіпорындар жұмысын жандандыру үшін әкімдік тарапынан инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлініп, теміржол тұйықтарын салуда. Бұл қадам алдағы уақытта аймақтағы ахуалды жақсартып, жүк айналымының артуына ықпал етеді деген үміт бар.  

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?