Қазақстан мен Румыния Транскаспий дәлізін бірігіп дамытуға мүдделі

Жүк тасымалы
09.02.2024, 09:03
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан мен Румыния көлік министрліктері Транскаспий халықаралық көлік маршрутын одан әрі дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісті. ҚР Көлік министрі М. Қарабаев Бухарест қаласында Румынияның көлік және инфрақұрылым министрлігінің басшысымен кездесу өткізді.

Марат Қарабаев пен Сорин Гриндяну көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағдары шеңберіндегі жобалар талқыланды. Қазақстанның көлік министрі Транскаспий халықаралық көлік маршрутының рөлі күн санап артып келе жатқанынын жеткізіп, Қара теңіз бен Еуропаның басым бөлігінің арасында орналасқан Румыния мемлекетінің Орта дәліздің әлеуетін арттыру барысындағы маңыздылығын ерекше атап өтті.  

– Біз транзиттік жүк тасымалы көлемін өзара арттыру әрі мультимодалдық тасымалдар мен логистикалық үрдістер саласында тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Қазақстан мен Румыния халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша халықаралық келісімнің қатысушылары екенін ескеретін болсақ, аталған дәліз бойындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қызығушылық танытып отырғанымыз орынды, – деді Марат Қарабаев.  

Көлік министрі бастаған қазақстандық делегация Румынияға сапары аясында Констанца портындағы көлік-логистикалық бизнес-форумға және халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі бірлескен комиссияның отырысына қатысты.

Аталған форум аясында Румынияның бизнес өкілдерімен В2В форматында кездесулер өтті. Сонымен қатар, қазақстандық делегация Констанца қаласындағы Румыниядағы ірі порттың қызметімен де танысты. Констанца портының мүмкіндіктері мен артықшылықтары Транскаспий халықаралық көлік маршрутының әлеуетін ашуда, сондай-ақ транзиттік жүк ағындарының көлемін өзара ұлғайту және мультимодальды тасымалдар мен логистикалық процестер саласындағы озық тәжірибемен алмасу үшін Қазақстан мен Румыния арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқара алады.  

Іс-шараларға Қазақстан тарапынан вице-министр Талғат Ластаев, теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Олжас Сапарбеков, «KTZ Express» АҚ, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК, «Транскаспий халықаралық көлік маршрутының» халықаралық қауымдастығы, Semurg Invest, Dar Rail және PTC Holding ЖШС басшылығының өкілдері қатысты.

 

Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді