Дегелең станциясында көмір тасымалында іркіліс жоқ

Жүк тасымалы
15.03.2024, 10:05
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өндірістік процестер ең қарқынды жүргізілетін учаскелік станциялардың бірі – Дегелең. Мұнда әлеуметтік маңызды жүк – көмір тиеу жұмыстары жыл бойы жалғасады. Осы ретте қатты отын тасымалы бөлімше басшылығы мен жергілікті әкімдік назарынан түскен емес.

Осыдан біраз уақыт бұрын Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарының коммуналдық-тұрмыстық секторына және жылу көздеріне көмірді уақытында жеткізу үшін «Қаражыра» АҚ және «ҚТЖ» АҚ арасында бірлескен түрде вагондармен қамтамасыз ету кестесі бекітілген болатын. Қазіргі таңдағы басты мәселе осы үдеден табылу болып отыр. Яғни, босаған вагондарды уақытында жинап алу, өндіріс барысында кідіріс болдырмау, ашық вагондардың айналымын жылдамдату күн тақырыбынан түскен жоқ. 

 

Бір ғана Абай облысы бойынша көмірдің жалпы жылдық қажеттілігі 1 миллион 260 мың тоннаны құрайды екен. Осы ретте дегелеңдік теміржолшылар ағымдағы жылыту маусымында облысты 539,5 мың тонна қатты отынмен қамтамасыз етіпті. Бұл жылдық жоспардың 91 пайызы орындалды деген сөз.  

Қазіргі таңда аймақтағы барлық теміржол тұйықтарында ең кемі екі аптаға жетерлік көмір қоры бар. Ондағы отын қоры шамамен 15,3 мың тоннаны құрайды. Семей, Жаңа-Семей, Аягөз, Өскемен-1 сынды ірі тораптық станцияларға вагонмен көмір жеткізу ісі бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Тәулік сайын облыс көлеміндегі әрбір теміржол тұйығына орта есеппен алғанда 30 вагон көмір немесе 2 мың тонна қатты отын уақытында жеткізіледі.  

Жуырда Дегелең станциясына арнайы жұмыс сапарымен барған бөлімше басшысының бірінші орынбасары Ғабит Досқожанов өндірістік процесті қадағалап, тексеру жүргізіп қайтты. Теміржолшылар тарапынан шағым жоқ, үдеріс барысы штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Теміржолшылар тәулігіне сұранысқа қарай 450-490 вагоннан тұратын 6 немесе 7 жылжымалы құрам жолға шығара алады. Тек ауыр салмақты пойыздарды құрастыру біршама күшті талап етеді.  

Айта кетерлігі, жылу маусымының аяқталуына аз уақыт қалғанымен сұраныс азаймай отыр. Сондықтан да облыстың өңірлік операторларымен қолда бар келісімшарттар бойынша көмір жөнелтуге өтінімдерді ұлғайту мәселесі қайтадан қаралған болатын. Яғни, Дегелең станциясынан жөнелтілетін вагондар санын арттыру мәселесі күн тақырыбына қайта шығуы мүмкін. Әйтсе де, теміржолшылар қауымы тосыннан қабылданатын кез келген шараға дайын отыр.  

Жалпы Қаражыра көмір кеніші тиелетін қатты отын көлемін 2018 жылдан бастап ұлғайтып келе жатыр. Алдағы жылдарға қойылған басты меже – жылына 10 млн тонна көмір тиеліміне қол жеткізу. Бүгінгі күні теміржол тұйықтарында қайнаған қарбаласқан тірлік жоқ, жылу көздерінде көмірдің нормативтік пайдалану қоры бекітілген көрсеткіштерге сәйкес келеді, көмір қоры өтінімдерге сәйкес жеткізілуде.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті