Семейде жүк операциялары жүйелі жүргізілуде

Жүк тасымалы
12.12.2024, 09:28
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Осы жылы Семей ЖТ бөлімшесі бойынша контейнерлік тасымал біршама артып отыр. Сәйкесінше жергілікті теміржолшылар қауымы жүк тасымалының осы түріне айрықша басымдық беруде. Атап айтсақ, барлық тораптық станциялардағы жүк операцияларының ішінде жекелей тәртіппен қарастырылып, өндіріс барысына айрықша маңыздылық беріледі.  

Бір ғана мысал, соңғы жылдар көлемінде контейнерлік тасымал қарқыны еселеп өскен. Мәселен, кластан тыс Семей станциясы бойынша өткен бір аптаның ішінде 1490 тонна жүк тасымалданған. Бұл қазіргі таңда орташа көрсеткіш саналады. Ал іргелес Жаңа-Семей жүк станциясындағы көрсеткіштер бұдан да жоғары. Қос станцияға келетін контейнерлік жүктердің басым бөлігін негізінен автобөлшектер, азық-түлік тауарлары құрайды екен.  

Контейнерлер негізінде көршілес ҚХР елінен, Достық станциясынан және Ресейдің Алтай өлкесінен келеді. Тасымалдың осы түрі бойынша жүк операцияларын жүргізу үшін әр станцияда жекелей тауар кассалары бекітілген.

– Контейнерлік тасымал бойынша Семей паркінде әсіресе жүк түсіру ісі күннен күнге ұлғайып келеді десе болады. Тіпті кейбір күндері екі мәрте вагондарды таратып шығамыз, – дейді Семей станциясының тауар кассирі Айгүл Рахиянова.

Бұл ретте семейлік қозғалысшылардың басты міндеті вагондарды әзірлеу, пойыздарды сұрыптау процестерін ширату және клиенттер жүктерінің қауіпсіз жеткізілуін қадағалау болып отыр.  

Бір бұл емес, бүгінде бөлімше бойынша аталмыш жүк түрінің транзиті де артқан. Осынау орайда күндері семейлік теміржолшылар қауымы 600-ден 800-ге дейінгі аралықтағы контейнер тиелген транзиттік пойыздарды кедергісіз өткізуге мүмкіндік алған. Трансшекаралық аймақ үшін бұл аса маңызды. Тіпті жаз мезгіліндегі Үшбиік – Жарма – Жаңғызтөбе телімдері бойынша жүргізілген 65 шақырымдық күрделі жөндеу мен орташа жөндеу жұмыстары кезіндегі толаскездерде де ешқандай іркіліс, кестеден кешігу туған жоқ.  

Ұлттық компания ҚХР бағытында қазақстандық тараптың өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында келергі 2025 жылы «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші жолдың құрылысын аяқтауды көздеп отырғаны белгілі. Демек, бөлімше бойынша контейнерлік тасымал түрі де қарқын алары анық.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады