Көмір жеткізуде кедергі жоқ

Жүк тасымалы
24.01.2025, 09:01
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қысқы кезеңдегі қызметтік міндеттердің ең маңыздысы – ел шығысындағы барлық жылу көздерін және тұрғылықты халықты тұрақты түрде көмірмен қамту. Яғни қатты отын тасымалын үздіксіз жүргізу бірінші кезекке қойылып, жүк станциялары мен вагон айналымын жүйелеу бойынша тың шаралар қабылданады.

Бірінші класты Дегелең станциясындағы көмір тиеу жұмыстары жаз айларынан бастау алып, үзіліссіз жүргізіліп келеді. Сол тәрізді Жаңа-Семей, Семей тәрізді жүк станцияларындағы вагондарды сұрыптау, жинап алу жұмыстары да ширатылып, желі бойында көмір тиелген жылжымалы құрамдарды кедергісіз өткізіп жіберуге ден қойылуда. Атқарылған шаралардың нәтижесінде шығыстағы қос облыс бойынша барлық жылу беру нысандары мен жеке сектор қажетті көмірмен толық көлемде қамтылуда. Дегенмен, аязды күндер әлі алда екенін ескерсек, көмірге қажеттілік өсе түсетіні анық.  

Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының есебінше, бір ғана Семей қаласындағы тұрғындардың көмірге деген жалпы қажеттілігі 567 мың тоннаны құрайды екен. Бүгінгі күнге дейін 442 мың тонна көмір жеткізілген. Бұл – жалпы қажеттіліктің 78 пайызы. Жылыту маусымына облыстың жылу көздері үшін 595 мың тонна көмір қажет, оның 303 мың тоннасы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар қазіргі таңда бюджеттік ұйымдарға қажетті 85 мың тонна көмір толығымен жеткізілген.  

Айта кетерлігі, семейлік теміржолшылар облыс бойынша жалпы саны 44 қазандық, 330 дербес қазандықты да тұрақты түрде көмірмен қамтып отыр.  

Биылғы жылғы жылу беру маусымының алғашқы кезеңі сәтті өтті. Аймақ бойынша көмір тапшылығы болған жоқ. Соның нәтижесінде қатты отын бағасы да тұрақты сақталуда. Соңғы жүргізілген мониторингтік жұмыстар нәтижесінде бүгінгі таңда облыстағы 16 пунктте сатылымда 16 200 тонна көмір бар және сұранысқа байланысты күн сайын толықтырылып отырады. Әрбір көмір тұйығына тәулігіне ең кемі 9 вагоннан көмір жеткізілуде.  

Қазіргі күндері Семей ЖТ бөлімшесінің басшылығы биылғы жылғы жылу маусымының ойдағыдай өтуі үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарымен бірлесіп жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Соның нәтижесінде аймақтағы көмір сату пункттерінің саны артты. Мәселен, 2023-2024 жылғы жылыту маусымында облыста жалпы саны 12 көмір сату пункті жұмыс істесе, биылғы 2024-2025 жылғы маусымда олардың қатарына жаңадан 4 пункт қосылып, жалпы саны 16-ға жетіп отыр.  

Сол тәрізді Дегелең станциясынан ауыр салмақты пойыздарды құрастырып жолға шығару ісі күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл ретте Дегелең – Ақсу – Семей-1 учаскесі бойынша ауыр салмақты пойыздарды тоқтаусыз өткізу оң нәтиже беруде.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады