Вагон айналымында іркіліс жоқ

Жүк тасымалы
07.10.2025, 09:04
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Семей бөлімшесінің теміржолшылары жергілікті вагон айналымын толық көлемде реттеп, қамтып отыр. Нәтижесінде ішкі жүк тасымалы да кедергісіз жүргізілуде.

Күз – бөлімше үшін маусымдық тұрғыдан аса жоғары жауапкершілік кезеңі. Әсіресе вагон шаруашылығы бойынша жұмыс барысын ширатып, өндірістік процестің үзіліссіз жүргізілуі үшін жіті қызмет көрсетуді міндеттейді. Себебі күрт қарқын алатын шығыстағы астық пен қатты отынның уақытылы тиелуі элеваторлар мен өнеркәсіптік нысандардың, кәсіпорындардың жұмысына, тіпті аймақ экономикасына тікелей әсер етеді.  

Осы орайда бүгінде вагондарды әзірлеу жүк алушы клиенттердің өтінімдеріне сәйкес толық көлемде орындалуда. Мәселен, өткен қыркүйек айында «Қаражыра» АҚ 11 451 вагонға тапсырыс берген болатын. Яғни қажеттілік тәулігіне 382 вагонды құрады. Өтінімдер толық орындалды. Оның 337-сі «Қазтеміртранс» АҚ жылжымалы құрамымен толықтырылды. Алайда алғашқы апталарда небары 1 088 вагон ғана тиеліпті. Яғни тәуліктік өтінімдер 140–210 вагонға дейін қысқарған. Оған себеп, өңірдегі «Шығыс жылу» ЖШС тәрізді кейбір мекемелердің вагондарды қабылдап алудағы салғырттығы болып отыр.  

Соған қарамастан теміржолшылар қажетті бос вагондар паркiн толық көлемде қамтамасыз етуде. Атап айтсақ, бөлімшедегі вагон айналымы бекітілген нормаға қарағанда екі есеге жуық жоғары көлемде орындалды. Жоспарланған тәуліктік норма 18,63 сағат болса, нақтысы 35,35 сағатқа жеткізілді.  

Жалпы, «Аз вагон паркімен – көп тасымал» әдістемесі әлі де күшінде тұр. Яғни арнайы ұйымдастырылған маршруттар бойынша жүк жіберу әдісі қазіргі күндері де оң нәтижелер беруде. Ішкі тасымал бойынша жүк тиелген вагондарды өңдеу уақытын азайта отырып, бөгелтпей жөнелту жұмыстарын жүргізу тасымал көлемін арттыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Қазіргі таңда Семей вагон пайдалану депосы үшін, вагон айналымын реттеуде коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша тиеу жоспарын орындау маңызды орын алады. Бұл орайда өткен мамыр-тамыз айларына жалпы көлемі 413,2 мың тонна болатын 5 989 вагон жолға шығарылыпты. Оның ішінде Абай облысы бойынша жоспарды көлемінен асыра орындау нәтижесі бар. Яғни көзделген жұмыс барысы 125 пайызды қамтып отыр. Әзірге тек бөлімшенің Шығыс Қазақстан облысы бойынша ғана жұмыстарды ширату қажет.  

Семей жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты ВЧД-23 бастығы Ерзат Хасеновтың айтуынша, теміржолшылар өз тарапынан қатты отын тасымалын кедергісіз өткізіп жатыр. Атап айтсақ, бос вагондар паркі толық көлемде берілуде. Сондай-ақ босаған вагондарды жинап алуда іркіліс жоқ. Сол тәрізді осы кезеңге дейін жергілікті тапсырыс берушілер тарапынан ешқандай шағым тіркелмепті.  

Тоқтала кетсек, Семейдегі ВЧД-23 мекемесі биыл Астанада теміржолшылар мерекесіне орай Астанада өткен салтанатты жиын барысында еліміз бойынша «Үздік вагон депосы» атағын иемденген болатын.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады