Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржолмен тасымалдау 71,6 млн тонна болды

Жүк тасымалы
10.11.2025, 11:06

2025 жылдың қаңтар — қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы темір жол көлігімен тасымалдау көлемі 71,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5% -ға артық, оның ішінде жүк экспорты 5% -ға өсіп, 43,8 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Үстіміздегі жылдың он айында қазақстандық көмірді Ресей порттары арқылы тасымалдау көлемі 9,6 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 млн тоннаға (+34%) артық. Негізгі бағыттары: Балтық теңізінің порттары - 6,2 млн тонна (+18%), Азов-Қара теңіз бассейнінің порттары - 3,4 млн тонна (+83%).

Ағымдағы жылдың он айында Қазақстаннан Ресей аумағы арқылы астық экспорты 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 есеге артып, 1,9 млн тоннаға жетті. Ресей порттары арқылы 500 мың тонна экспортталды, бұл өткен жылғы деңгейден 20% жоғары.

Экспортталатын астық жүктерінің құрылымы: астық, жасымық және техникалық дақылдардың тұқымдары. Негізгі алушы елдер: Италия, Бельгия, Түркия, Алжир және басқалары.

Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол бағыттары бойынша контейнерлерді тасымалдау да тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Есепті кезеңде 650 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13% -ға көп.

ҚХР – РФ - ҚХР бағыты бойынша тасымал соңғы алты жылда 15 есеге - 33,4 мыңнан 512 мың ЖФЭ дейін өсті, ал ағымдағы жылдың он айында 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тағы 9% ұлғайды.

"ҚТЖ "ҰК" АҚ мен "РТЖ" ААҚ көлік дәліздерін дамыту, шекара маңындағы өткелдердің өткізу қабілетін арттыру, цифрлық сервистерді енгізу және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруда. Бірлескен күш-жігер екі елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға және жүк ағындарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты