2026 жылғы 26 қазанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ сыртқы түйісу пункттерінде  155 пойызды немесе шамамен 7,6 мың вагонды, оның ішінде Ресей Федерациясы бағытында 72 пойызды, Орталық Азия елдеріне 50 пойызды, Қытай Халық Республикасына 33 пойызды рекордтық тапсыруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Рекордтық көрсеткішке темір жол желісінің өткізу қабілетін арттыру, Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту және отандық өнім экспортын қолдау жөніндегі жұмыс шеңберінде шектес темір жол әкімшіліктерімен жедел өзара іс-қимылды күшейту және пойыздық жағдайды үйлестіру арқасында қол жеткізілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ экспорттық және транзиттік жүк ағындарының тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету, халықаралық көлік дәліздерінің мүмкіндіктерін кеңейту және елдің көлік-логистикалық әлеуетін іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.