Шығыста астық тасымалы басталды

Жүк тасымалы
16.07.2021, 11:57
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Елдің шығысында күздік бидайға орақ салынды. Шілденің басында пісіп жетілген ел ырысын қамбаға жеткізіп, құйып алуға семейлік теміржолшылар да атсалысуда. Бүгінде Шар – Жарма, Семей – Локоть телімінің бойындағы бірқатар станцияларда астық тиеу науқаны қарқын алуда. Осы айдың алғашқы күндерінен бері станция қызметкерлері бос вагондарды жинап, тиелген астықтарды Семейдегі қамбаға жөнелту бойынша қарқынды жұмысқа көшкен. Сәйкесінше, бірқатар мәселелер де туындауда. Атап айтсақ, жүзге тарта теміржолшы еңбек ететін, жүк тасымалы бойынша қозғалыс барысы аса жоғары Ауыл станциясында астық тасымалына орай қарбалас басталды. Жергілікті диқандар тарапынан жүк жөнелтуге байланысты өтінімдер көп түсе бастаған. Сондықтан жабық контейнерлермен тасымалданатын сусымалы өнімдерді діттеген жерге жеткізу міндеті күн тақырыбына қойылды. Соған орай станцияның тауар кассасы мен пойыз құрастырушылар жұмысы артты. Дәл қазіргі күндері бір техникалық процесс барысында 6 вагонды жылдам әзірлеп жолға шығара аламыз. Дегенмен өңірдегі астықпен қатар, қарақұмық, рапс және күнбағыс дақылдарының пісуіне байланысты алдағы айдан бастап жұмыс одан әрі күрделене бермек. Сондықтан, бөлімшеге қосымша маневрлік пойыз сұрап, өтініш жібердік. Басты тапсырыс беруші «Шығыс-Астық» ЖШС биылғы жылғы тасымалданатын өнімнің мол болатынын айтуда, – дейді істің басы-қасында жүрген Ауыл станциясының басшысы Қарлығаш Райымханова. Астық тасымалы жаңа қарқын алғанымен станция қызметкерлері жоспарлы межеден ауытқымай еңбек етуде. Керісінше, науқанды пайдаланып көрсеткіш көлемін апта сайын еселеп өсіру көзделуде. Қазіргі күні бір мезетте 15 вагонды жолға шығаруға мүмкіндік бар екендігі дәлелденді. Бүгінде бір жөнелтілім бойынша ең кемі 6 немесе 10 вагонға тапсырыс беріледі екен. Қазіргі таңда ұлттық компаниямен тығыз әріптестік орнатқан«Шығыс- Астық» ЖШС кірме жолдарында қарбалас басталып келеді.Қырманнан астық қоймаларына, одан станция басына жеткізілетін ас атасы бидай белгіленген жерге қатаң күзетпен жөнелтіледі.Биылғы ерекшелік – тасымалданатын барлық астық әзірге тек ел ішіндегі қамбалар мен ұн-құрама жем комбинаттарына ғана жөнелтілуде. – Станциялар бойынша астық тиеу мен жеткізуде кедергі болмайды деп ойлаймыз. Жабық вагондардың жеткілікті болуына күш салудамыз. Тасымал процесі басшылықтың қатаң назарында тұр. Өткен жылы өңірімізде миллион тоннадан жоғары көлемде ауыл шаруашылық дақылдары жиналған болатын. Оның 450 мың тоннадан астамы бидай өнімі болатын, – дейді бұл орайда пікір білдірген бөлімшенің логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімінің мамандары. Алайда, биылғы меже бұдан да жоғары болады деп күтілуде. Оған себеп, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Семей қаласына сапар барысында күнбағыс тұқымын өңдейтін «Qazaq astyq group»ЖШС атты май экстракциялайтын зауытты ашқан болатын. Кәсіпорынның қуаттылығы – тәулігіне 1000 тонна күнбағыс тұқымын немесе 800 тонна зығыр тұқымын өңдеп шығарады. Қазіргі таңда кәсіпорынның кірме жолы жөндеуден өткізілген, ондағы маневрлік қозғалыс барысы Семей станциясы қызметкерлерінің жіті қадағалауында. Өндіріс толық қуатына көшкен шақта оған жөнелтілетін вагондар саны да жоспарлы түрде еселеп өспек. Жалпы, бөлімше бойынша Семей, Жаңа-Семей, Жаңғызтөбе, Аягөз, Ауыл, Белағаш станциялары бойынша астық тасымалының басталуына орай даярлық шаралары соңғы кезеңге жеткізілген. Себебі, алдағы айдан бастап қарақұмық, күнбағыс, соя тиеуге өтінім беретін жеке клиенттер саны артады. Егер ел үкіметі астық пен мал азықтық дақылдарды шет елге шығаруға тыйым салмайтын болса, жылдағыдай Ауғанстан, Моңғолия, Орта Азия мемлекеттері т.б елдерге де пойыз құрастырып, жолға шығарылатын болады.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?