Қазақ-түркімен шекарасында сауда саттық қыза түсті

Жүк тасымалы
16.07.2021, 12:08
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Түркіменстанмен шекаралас Болашақ станциясында қазақстандық және транзиттік жүктер ағыны толассыз өткізілуде. Жыл басынан бергі алты айда аталған мемлекетаралық шекаралық түйісу нүктесі арқылы шетелден 198 пойыз қабылданып, 219 пойыз жөнелтілген. Станция бастығының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрасыл Анарбаевтың айтуынша, пандемияға байланысты қалыптасып отырған жағдайға қарамастан станцияда шетелдерге жүк жіберіп, олардан қабылдау жұмыстары қалыпты жағдайда жүргізілуде. – Маңғыстау табиғатының ерекшелігіне байланысты өлкеде тұтынылатын жеміс-жидектер мен көкөністердің 80 пайызы сырттан әкелінеді. Сондықтан станция арқылы біз қабылдайтын жүктер арасында міндетті түрде жеміс-жидек мол, сонымен қатар картоп, кептірілген жемістер, күкірт, тұрмысқа қажет тұтынатын заттар болады. Ал Қазақстаннан жіберілетін жүктерді негізінен темір құбырлар, бидай, ұн, күнбағыс майы, қара металл, кесілген ағаш материалдары, жүк авто көліктері құрайды, – дейді станция бастығының орынбасары. Былтырдан бері COVID-19 коронавирус індеті таралуының алдын алу үшін пойыздарды қабылдау мен өткізу тәртібі өзгертіліп, екі ел теміржол әкімшіліктерінің келісімі бойынша жүк пойыздарын қабылдау кезінде Түркіменстан мен Қазақстан теміржолшыларының байланысын барынша болдырмай отырып, жұмыс жүргізіліп келеді. Станцияда алдын алу жөніндегі барлық шаралар қабылданған. Жұмысшыларға маскалар, антисептиктер, респираторлар, қолғаптар берілген. Жұмыс орындары зарарсыздандырылуда, техникалық сабақтар мен кеңестер онлайн режимінде өткізілуде.

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты