Семейде астық және көмір тасымалы науқанына орай жүк айналымын реттеуге кірісіті

Жүк тасымалы
03.09.2021, 11:45
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесінде жүк айналымы бойынша өндіріске тың шаралар енгізіліп жатыр. Соның ішінде ең бірінші кезекте жергілікті вагон шаруашылығына қатысты мәселелер күн тәртібіне қойылуда. Оған себеп те жоқ емес. Бөлімшедегі көрсеткіштерге бірден-бір ықпал ететін шаралар негізінен вагон айналымына тікелей байланысты. Мәселен, өткен жартыжылдықтың есебі бойынша жүк айналымының 107,1 пайызға артуы себепті учаскелік жылдамдықты 2,69 км/сағ.-қа төмендету қажет болған. Бұл ретте белгіленген жылдамдық мөлшеріне біршама өзгертулер де енгізілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бөлімше аумағындағы аралық станцияларда пойыздардың кідіріп қалу фактілері де тіркелуде. Дегенмен бұл олқылықтың орнын қозғалыстағы сағат санының артуы толтырып отыр. Дегенмен, өзге бөлімшелермен шектесетін Локоть, Дегелең, Жүзағаш станцияларында «тастанды пойыздар» қалыптастырмау және жылжымалы құрамдарды кестеден кешіктірмеу үшін бірқатар жаңашыл бағытта жұмыс жүргізудің қажеттілігі туындап отыр. Бұл орайда транзиттік пойыздарды техникалық станцияларда бөгелтпей жөнелту біршама тиімділік әкеліп отыр. Себебі, қазіргі таңда көмір және астық тасымалының күрт арта бастауы бөлімше бойынша жүк айналымын толық реттеп үлгеруді қажет етуде. Мәселен, өткен айларда Достық станциясына жөнелтілетін жүк пойыздарының уақытында қабылданбауы біршама қиындық тудырған болса, қазіргі таңда бұл мәселе біртіндеп шешімін тауып келеді. Бүгінде бөлімше бойынша вагон айналымы нақты жоспар аясында жүргізілуде. Өткен жартыжылдықта көршілес бөлімшелердің кейбір жылжымалы құрамдарды қабылдамауынан бірқатар келеңсіздіктер туындаған болса, бүгінде вагон паркіндегі қарбалас белгіленген межені толық орындалуға сеп болуда. Сонымен қатар,техникалық жылдамдық 44,15 км/сағ. болып отыр. Дегенмен қазіргі таңда бөлімше диспетчерлері негізгі күшті бос вагондарды дер кезінде жинап алуға, жүк пойыздарын жылдам құрастырып жолға шығаруға салуда. Бұл ретте станциялардағы кірме жолдардағы қозғалыс жиілігі де артқаны байқалады. Жалпы, аталмыш бағыттағы өткен жартыжылдықта орын алған жайттар аса алаңдаушылық туғыза қоймағанымен, семейлік теміржолшылар бұл тараптағы олқылықтардың орын алмауына күш салуда. Дегенмен, пойыздар қозғалысында көп жайт көршілес бөлімшедегі әріптестерге де байланысты. Сонымен қатар, ережеге бағынбайтын, мамандар қызметінен тыс жататын факторлар да кедергі болуы бек мүмкін. Әйтсе де, бүгінде Шығыстағы қозғалысшылар мен вагон шаруашылығының мамандары таяу болашаққа оптимистік көзқараста. Соңғы жартыжылдық көрсеткіш бойынша діттеген межеге жететіндеріне толығымен сенімді. Оған мүмкіндік те, кәсіби қабілет те жеткілікті. Яғни, жүк айналымын ширату жолындағы вагон өнімділігін арттыру, динамикалық жүктеме, жергілікті вагондарды өңдеу ісінде жоспарлар толық орындалып, жаңа көрсеткіштерге қол жеткізіледі деп күтілуде.

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды