Семей жүк тасымалы бөлімшесінде контейнерлік транзитке басымдық беріле бастады
Бүгінде бүкіл әлем контейнер тасымалына ден қойған. Контейнерлік пойыздар транзиті тиімді, бюджетті еселейтін, бірегей кіріс көзі саналады. Сондықтан трансшекаралық аймақта орын тепкен Семей жүк тасымалы бөлімшесі транзиттік пойыздар қозғалысын реттеуге баса мән беріп отыр.
Осыған дейін шығыстағы теміржолшылар бір жыл ішінде әр контейнері 40 тоннаны құрайтын 500-ден аса транзитті пойыздарды іркіліссіз өткізіп келді. Алайда соңғы 8 айдың қорытындысы қазіргі мүмкіндік бұрынғыдан да жоғарылай түскенін нақтылап отыр. Себебі, жоспарлы шаралар артығымен орындалып, нәтиже бірден жоғарылаған. Оған Ресейдің Сібір бөлігінен Орталық Азияға контейнер түріндегі жүк тасымалының соңғы жылдары еселеп артуы ықпал етуде. Ресей мен Қытай елдері арасындағы жүк дәлізі саналатын Семей ЖТ бөлімшесінде жүк тасымалының бұл түрі ерекше назарға алуды талап етеді.
– Өткен 8 айдың көрсеткіші бойынша 551 контейнерлік пойыздарды қабылдап алып, жөнелттік. Орташа жылдамдығы 330,3 шақырым/сағатты құрайды. Карантиндік шектеулер қыспаққа алған былтырғы жылы 9 айдың ішінде бөлімше бойынша 546 контейнерлік сапарға шыққан болатын. Айырмашылықты бірден байқауға болады. Транзиттік жүк тасымалы пандемиядан сауығып келеді. Алда әлі 4 айдың қорытындысы бар екенін ескерсек, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түседі деген сөз, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің шұғыл басқару бөлімінің бастығы Қайрат Ибраев.Транзит ағыны негізінен Ресейдің Батыс-Сібір бөлімшесі аумағында орын тепкен Семей ЖТ бөлімшесінің Локоть станциясымен ҚХР-мен шектесетін Достық станциясы аралығында, қос бағытта орын алуда. Бір айта кетер жайт, контейнерлік пойыздардың тәуліктік жүру жылдамдығы да жоғарылатылған. Дегенмен астық тасымалы мен көмір жөнелту қарқын алғандықтан бұл мәселені алдағы уақытта қарастыру қажет етілмек.
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды