Қазақстан мен Латвия арқылы Еуропаға жүк тасымалын ұлғайтуға мүдделі
Оқуға 1 мин
Қазақстан – Латвия транзиттік-көліктік ынтымақтастығы сегментіндегі теміржол тасымалдарының маңызы зор. Бұл туралы Қазақстан мен Латвия экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми және техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан – Латвия үкіметаралық комиссиясының көлік жөніндегі жұмыс тобының 3-ші отырысында айтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Қазақстан мен Латвия арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жұмыс тобы Алматыда Латвия Республикасының Қатынас министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Улдис Рэйманистің Қазақстанға сапары аясында өтті.Тараптар Латвияның порттары мен теміржол инфрақұрылымын пайдалана отырып, Қазақстаннан Еуропаға тауарлар экспортын және кері бағытта жүк тасымалын дамытуды жалғастыруға келісті.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Латвия аумағы арқылы Азиядан Еуропаға халықаралық көлік дәлізін іске асырудан түсетін экономикалық пайданы, сондай-ақ шектес мемлекеттерді талқылады және жүктерді жеткізу мерзімі мен тауарлардың айналымы тұрғысынан осы бағыттың басқа балама халықаралық көлік дәліздерімен салыстырғанда үлкен артықшылықтары бар екенін атап өтті.