Цифрландырудан – жасанды интеллектке дейін

Цифрландыру
26.09.2025, 10:44
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Цифрлық трансформация» бағдарламасы нәтижелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде өндіріс барысына тың бағдарламалық өнімдер мен жаңа ақпараттық технологиялар енгізіліп, көрсеткіштерінің артуына да себеп болуда.

Бөлімше бастығының АСУ бойынша орынбасары Ерғазы Жұмаділовтің айтуынша, өндірістегі құжаттандыру ісін цифрлық форматқа ауыстыру, техникалық процесс барысын толықтай автоматтандыру осыдан біраз жыл бұрын басталған. Желі бойындағы барлық мекемелер бойынша қолға алынған шаралар бүгінде 100 пайыз тиімді нәтиже беруде. Атап айтсақ, жүк тасымалын басқарудан бастап, станция жұмысындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау, локомотив шаруашылығындағы жанармай мен уақыт үнемділігін арттыру және техникалық кітапханада «Электронды цифрлы кітапхана» қалыптастыруға дейінгі аралықта елеулі іс-шаралар бар. Осы орайда бөлімшенің ІТ-құрылымы да жыл санап кеңеюде. Ақпараттық технология аймақтағы теміржолшылар жұмысын жеңілдетті.  

Жалпы, Семей теміржолы цифрландыру ісі бойынша ел көлемінде алдыңғы орында екенін айта кеткен жөн. Мәселен, алғаш қолға алынған «қанатқақты» жоба – локомотивтерді пайдалану уақытын бөлек есепке алудың автоматтандырылған ақпа раттық жүйесін енгізу бөлімшедегі бірінші класты Жаңа-Семей жүк станциясынан бастау алған болатын. Жаңашыл шаралар станцияның жүк айналымын реттеудегі әлеуетін біршама арттыра түсті.  

Десекте, ендігі мәселе теміржол саласында жасанды интеллект игілігіне сүйену болып отыр. Бөлімше бойынша бұл бағытта да айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, осыдан біраз бұрын НОД-ЖТ Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімі инженерлерінің ұйымдастыруымен еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын сақтауда жұмыс орындарындағы жасанды интеллектінің рөлі және цифрлық сауаттылықтың маңыздылығы атты семинар-тренинг сайыс түрінде өткен. Соның нәтижесінде, қазіргі таңда бөлімшедегі қозғалыс саласының мамандары үйренген іскерлік дағдыларын нақты тәжірибеде пайдалануда.  

– Ел шығысында да теміржол саласын цифрландыру жұмысы белсенді жүргізілуде. Автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, цифрлық диспетчерлік қызметті дамыту, әртүрлі ақпараттық платформаларды біріктіру, маневрлік локомотивтердің нақты жүктемесін цифрлық негізде бағалау, деректерді өңдеу, жалпы өнімділікті арттыру бойынша жұмыстар бар. Әсіресе тасымал бойынша ақпараттық жүйені автоматтандыру маңызды орын алуда. Осы орайда күнделікті қызметте өзекті болуы себепті өндіріс барысында жасанды интеллектіні қолдану ісі де бастау алды, – дейді ұзақ жылдар бойы НОД-ЖТ АСУ бөлімінің бастығы болған, теміржолдағы цифрландыру саласының ардагері Лаура Әлібекова.  

Жалпы, мамандардың айтуынша, теміржолда жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдың тозу деңгейін, вагондар мен локомотивтердің жай-күйін алдын ала бағалап, тіпті, апат қаупін анықтап, оны болдырмау бойынша нақты шешімдер де ұсына алады. Яғни, күн тақырыбынан түспейтін еңбек және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мәселелерінің бір шешімі осында жатыр.  

Бұл орайда қазіргі таңда бөлімшеде өткізіліп жатқан техникалық дәрістердің тақырып ауаны өндіріске жасанды интеллектіні енгізу мәселелерін де қамтиды. Яғни, бұл бағыттағы қалыптасып жатқан білім мен біліктілік дағдылары көп ұзамай өндірістік көрсеткіштің артуына да ықпал етері анық.  

 

Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды