Биыл Павлодар өңірі бойынша 64 шақырым жол жөндеуден өтеді

Инфографика
14.06.2022, 10:52
Фото: Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазір жазғы жол жұмыстарының қызған кезі. Әсіресе, елдің солтүстік және шығыс өңірлері бұл қысқа мерзімнің әр күнін, әр сағатын тиімді пайдаланып қалуға тырысады. Оның жарқын көрінісін Павлодар өңірінде жүріп жатқан қауырт жұмыстан көруге болады.

Биыл аталған өңірдің 64 км шамасындағы темір жолы күрделі жөндеу көрмек. Таратып айтар болсақ, Сарыоба-Еркіншілік аралығында 18,6 км жол, Қоржынкөл-Ерейментау аралығында 14,379 км, сондай-ақ, Көктөбе-Жұмыскер аралығында 19,4 км және Көктөбе-Құркөл аралығында 11,3 км жол күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болмақ. Бұдан бөлек, Павлодар НЖС бойынша 27 км шамасында жолды күшейтілген күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған. Бұл жөндеу түрі Еңбекшілдер-Айсары және Ақсу станциясында жүргізілмек. 

– «ҚТЖ» ұлттық компаниясы теміржолдың инфрақұрылы- мын жаңғырту және жетілдіру бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді. Биыл да Компания желісі бойынша 551 км жол күрделі жөндеуден өтпек. Соның 64 шақырымы Павлодар магистральдық желі бөлімшесі аумағында өтпек. Қазіргі уақытта Сарыоба – Еркіншілік аралығында 18,6 км жол көлеміне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу, сондай-ақ, Еңбекшілдер-Айсары аралығындағы 22,8 км жол көлеміне күшейтілген орта жөндеу аяқталып қалды. Сонымен қатар Қоржынкөл-Ерейментау аралығындағы 14,379 км жол көлемінде күрделі жөндеу басталды, қазір 7,6 км жолға жаңа рельсшпалды торкөз салынды. Жалпы жол жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр, – деп ақпарат берді Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің қызметкері Асхат Ақаев.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты