Доссор вокзалына перрон салынбақ

Инфрақұрылым
01.03.2022, 09:39
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Сәлімжан Нақпаев жуырда Мақат ауданында болып, халықпен кездесуінде теміржолшылар Доссор вокзалына перрон салу мәселесін көтерген болатын, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл – көптен айтылып келе жатса да, шешімін таппай отырған жайт. Әсіресе, пойыздан түскен үлкен кісілер мен балаларға қиын, биік вагоннан жерге секіріп түсуге мәжбүр. Тозығы жетіп тұрған теміржол вокзалының перронын жаңғырту депутат назарынан тыс қалмаған, биылғы жылы Доссорға жаңа перрон салынатынын айтты. Айтуынша, жобаға сәйкес, перрон 1,2 метрге көтеріледі және 60 метр шатырмен жабылмақ. Перрон ұзындығы – 448,8 м, ал ені – 4 м. Барлық аумағы – 4150 м².

Сондай-ақ перрон аумағында желілік полиция бөлімі, демалыс бөлмесі, кафе, жүк қоймасы мен әжетхана орналасатын шағын ғимарат салу да қарастырылады екен. Сонымен қатар, жобада аумақты LED шамдарымен жабдықтап, жолаушылар ыңғайлылығы үшін отырғыштар мен қоқыс жәшіктерін қою, тағы басқа қажеттіліктер ескеріледі.

– Елімізде үлкен өзгерістер болып жатқанынан бәріңіз де хабардарсыздар. Президентіміз Үкіметке халықтың жағдайын көтеруге тапсырма беріп, экономиканың барлық саласына өзгеріс енгізіп, реформа жасау қажеттігін, – деген мәжіліс депутаты оған әрбір азамат атсалысу керектігін де жеткізді.


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды