Қорайлы станциясында көпір салынады

Инфрақұрылым
19.07.2022, 10:03
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Халық тығыз орналасқан станцияға аспалы көпір ауадай қажет. Ақтөбенің Қорайлы станциясында жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу ұсынысы жергілікті биліктен қолдау тапты.

Батыс аймақтық магистральдық желі бөлімшесінің мамандары жергілікті билікке Қорайлы станциясына аспалы көпір салу қажеттігі туралы бірнеше жылдан бері айтып келеді. Теміржол бойында арнайы өткелдің болмауынан тұрғындар балабақшаға, мектепке, ауруханаға, дүкендерге, дәріханаларға бару үшін темір жолды кесіп өтеді. Тоқтап тұрған вагон астынан өту жағдайлары да тіркелген. 

«Ақтөбе теміржолының аумағында қауіпсіздікті күшейтуге және пойыз қозғалысына кедергі келтірмес үшін тағы бірнеше көпір керек. Көлік қатынасы қалың Жилгородок ауданы мен Алға станциясының 1832 шақырымы мен Ақтөбе ауданының 1024 шақырымына, Жазық станциясының 130 шақырымына автокөлік көпірі керек. Ал, пойыздарды шұғыл тоқтату жағдайы жиі тіркелетін Жіңішке және Ақтөбе-1, Ақтөбе-2 өткелдеріне жолаушылар көпірін салу мәселесі сұранып тұр», – дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі филиалының бас инженері Сәндібек Аманбаев. 

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы биыл жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қолға алынатынын хабарлады. Ал көпір құрылысы келесі жылы басталады. 

Желілік полиция бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері Ақтөбенің үш тұрғыны темір жолды кесіп өту кезінде қаза тапқан. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары пойыздарды авариялық тежеу бойынша 34 оқиғаны тіркеді. Теміржол бойында қауіпсіздік ережесін сақтамаған 700 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды