Вагонмен қамтамасыз етуде қарбалас жоқ

Инфрақұрылым
23.08.2022, 10:47
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жүк жөнелтушілерді жылжымалы құраммен қамтамасыз ету бүкіл тасымалдау процесіне әсер етеді. Еліміздегі жүк вагон паркінің ірі операторы «Қазтеміртранс» компаниясынан бөлек жекеменшік тасымалдаушылар паркі бар. Бүгінгі таңдағы ахуал қандай, жүк вагондары жеткілікті ме?

  «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы Атырау филиалының бастығы Саламат Төлегеновтің айтуынша, филиал Атырау және Маңғыстау жол бөлімшелерімен бірлесе әрекет етіп, тасымалдауды ұйымдастыру процесін жақсарту үшін үнемі ізденісте жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде Қазтеміртранс вагондарына тапсырыс көлемі артқан. Магистральдық желінің 3 мың шақырымға жуығы – нақты 2099,4 км (Атырау бөлімшесі – 915,3 км, Маңғыстау бөлімшесі – 1184,1 км) аралығында теміржол қозғалысының үзіліссіз, қауіпсіз қызметін ұйымдастыру жолында тасымалды жүк вагондарымен   жеткілікті түрде қамтамасыз ету айрықша роль атқармақ. 

2022 жылдың 7 айында 19 669 вагонға тапсырыс берілген, оның орындалуы 18 825 вагон, яғни 96% құраған. Орындалмаған 4% жүк жөнелтушілер тарапынан тапсырыстан бас тарту, құжаттардың дұрыс болмауы сынды кедергілерден болған. 

Жеті айда Атырау мен Маңғыстау филиалдары бойынша жүк тиеу үлесі жоспар бойынша жүз пайыз орындалған. Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштердің өсімі байқалады. Тұрақты жүк жөнелтушілер: «Иси Гипс Индер» ЖШС, «Рауан Налко» ЖШС, «Карат» ЖШС, «Казына-Мангистау» ЖШС, «Фирма Сабытай» ЖШС,«Раббым-Курылыс» ЖШС, «Айби-Тас» ЖШС, т.б. ірілі-ұсақты компаниялар пандемиядан кейін жұмыстарын ширата түскені байқалады. 

Вагондардың техникалық   қауіпсіздігін қамтамасыз ету де басты міндет. Вагондарды жөндеу, олардың қауіпсіздігін арттыруда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бұл мәселені басты назарда ұстап отырған «Қазтеміртранс» АҚ-ның Атырау филиалы вагондардың ағымдағы жөндеу жұмыстарын Атырау, Маңғыстау вагон пайдалану деполары арқылы жүргізеді. Ал, күрделі деполық жөндеу жұмыстары Қазалы, Балқаш, Орал, Шалқар вагон жөндеу деполарында жасалады. Яғни, жүк вагондарын жөндеудің жоспарлы түрлерін жасалған шартқа сәйкес сервистік компания жүргізеді. Компания үшін вагондарды жөндеу бейінді қызмет емес екендігіне қарамастан, ол қатаң талдау және бақылау арқылы жүзеге асырылады. 

Филиалдың өндірістік-техникалық вагон паркі, шұғыл жұмыс бөлімдері бірлесіп жұмыс жасайды. Пайдаланған жүк вагондарын қадағалау мен оны жоспарлы жөндеуге ұдайы көңіл бөлінеді.Вагондар тапсырыс берушіге жарақты күйде жеткізіліп, жол-жөнекей қауіпсіздік ережелерінің мүлтіксіз сақталуы шарт. Сондықтан, жөндеуді қажет еткен вагондар цехтарда мамандардың қолынан өтіп, жарамсыз бөлшектері ауыстырылып, жаңартылады. Күрделі жұмысты қажет еткен жағдайда деполық жөндеуге жөнелтіледі. Ал пайдаланудан мүлдем шығарылған, жұмыс жасамайтын парктегі жүк вагондарының есебі алынып, тиісті құжаттарын жасақтау негізінде есептен шығарылады. 

– Жалпы «Қазтеміртранс» АҚ Атырау филиалының жұмысы мен жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етілген деп айта алам. Вагонмен қамтамасыз етуде қарбалас жоқ, тапсырыстар уақытылы орындалып отыр. Кәсіпорын жұмысшылары арнаулы киім және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтылған. 

Өткен жеті айда жарақат алудың алдын алу шараларын өткізудің нәтижесінде апатты жағдай, келеңсіз оқиғалар болған жоқ, – дейді мекеме басшысы. 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды