Ақтөбелік жолшылар 300 шақырым жол күтіміне жауапты

Инфрақұрылым
28.12.2022, 12:02
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолдың инфрақұрылым нысандарын күтіп ұстауда орасан жұмыстар атқарып отырған жол дистанцияларының орны бөлек. Ақтөбе жол дистанциясы аймақтағы   үш жүз шақырымға жуық жол  күтіміне жауапты.

Дистанциясының бастығы Кеңес Нұртаев биылғы атқарылған жұмыстарды баяндады. Учаскелерде пойыз жылдамдығын  арттыру үшін ағымдағы күтімге баса назар аударылған. Оның үстіне биылғы жылы дистанцияда күрделі жол жөндеу жұмыстары жоспарланбаған. Арнайы техника көмегімен 108 шақырым жолды талапқа сай келтіру  жұмыстары атқарылған.  ПРСМ машинасымен рельс жабындысын дәнекерлеу жұмыстары орындалды. 279 түйіспе   дәнекерленді.  «Унимат» машинасымен 81 бағыттамалы бұрма ретке келтірілді.   ширек ғасырдан аса қызмет еткен бұрмалар жаңартылғаны үлкен жұмыс болды.  Биыл жоспар бойынша 14 ағаш білеулі  бағыттама бұрмаларды темір бетонмен алмастыру  жұмыстары атқарылды.  Күзгі тексерістен табылған кемшіліктерді жою жұмыстары дер кезінде атқарылды.  

«Бүгінгі таңда  дистанция аумағында 13 км жерде ағаш шпал, қалғаны темір бетонға ауыстырылған. Алдағы уақытта осы 13 шақырымды темірбетонға ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар, ауыстыруға мерзімі жеткен темір бетон шпалдар да бар. Бұлар – келер жылдың еншісіндегі жұмыстар ”,- деді Кеңес Нұртаев.  

Қауіпсіздікке ерекше мән беретін және онымен үздіксіз айналысатын жолшылар үшін  төрт түліктің жолға шығып кетіп пойыз астына түсуі  үлкен мәселеге айналғалы қашан. Ақтөбе үшін Жіңішке участогі – аса қауіпті аймақ. Жолдың екі жағында да елді мекен бар. Бұл жердегі қауіпсіздік тәулігіне 24 сағат бақылауда. Жыл сайын қоршау салу, барын бүтіндеу  жұмыстары да дистанциялықтардың өз күшімен атқарылады. Биылғы есеп бойынша 100 шақырымнан аса жолда қоршау бар.  

Ақтөбелік жолшылар бүгінгі таңда қыс қамын жасауда,  қар тазалағыш, қар жинағыш техникалар сақадай сай  тұр.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды