Желі бойындағы нысандар жаңаруда

Инфрақұрылым
13.07.2023, 09:09
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша теміржолға қарасты барлық ғимараттар мен нысандарды алдағы қысқа даярлау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.  

Бұл орайда желі бойындағы мекемелер мен деполарда ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары қарқынмен өтуде. Биылғы жылы бөлімше басшысы Владимир Бабиченконың бастамасымен теміржол нысандарын жөндеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, ағымдағы жаз айларында желі бойындағы 11 нысанды жөндеуден өткізу межеленіпті. Өткен жылы олардың саны небары үшеу ғана еді. Қазіргі таңда Семей, Өскемен және желі бойындағы Шар мен Суықбұлақ станциялары бойынша қарқынды түрде жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу, жаңғырту, жаңадан салу жұмыстары әсіресе жергілікті вагон шаруашылығында белсенді жүріп жатыр. Мәселен, Шар станциясында асар дәстүрімен вагоншылардың жылыну үйшігі салынып бітуге таяп қалса, Семейдегі техникалық қызмет көрсету орындары толығымен жаңаруда. Қазіргі күні ішкі әрлеу жұмыстары да аяқталып қалды.

Мұндай шаралар қатары Өскемен өңірі бойынша тіптен ауқымды. Еліміздің қиыр шығысындағы локомотившілердің демалыс үйі күрделі жөндеуден өтуде. Нысанның шатырына демонтаж жасалып, жаңадан жабылуда. Сол тәрізді жалға алынып келген ДСП жұмыс орны заманауи модульдік типтегі кеңсеге көшірілді.

Айта кетер бір жайт, Белағаш, Шар және Риддер сынды көптеген станциялар бойынша ағымдық жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ғимараттардың сыртқы сылағы мен ішкі косметикалық әрлеу жұмыстары қатар жүргізілді. Мұнымен қоса теміржолшылардың ас ішетін бөлмелері де қайта жарақталды.  

Сонымен қатар теміржолшылар тілегіне орай кәсіподақ жетекшілері де елеулі түрде көмек беруде. Мәселен, станциядағы пост терезесін ауыстыру, депо аулаларын немесе теміржол бойының көрнекті тұстарын эстетикалық түрге келтіру сынды жұмыстар жылдам бітуде. Бұл бағытта әсіресе Аягөздегі ТЧЭ-25 пен Бұқтырма станциясында бірқатар шаралар қолға алынған.  

Жалпы, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Басты мақсат – теміржолшылар үшін қолайлы еңбек орнын әзірлеу және алдағы қатал қысқа жоғары деңгейде даярлық жасау. Бөлімше басшысы Владимир Владимирович мұндай шаралар алдағы уақытта да тоқтамай, кезең-кезеңмен қолға алынатынын айтады. Мәселен, биыл 11 нысан күрделі жөндеуден өткізілсе, келергі жылы 31 нысанды толығымен жаңартуға бюджеттен тиісті қаражат қарастырылуда. Ал алдағы бес жылдық ішінде ұлттық компанияның көмегімен бөлімшедегі барлық ескірген нысандарды жаңалау көзделіп отыр екен.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті