«Бақты-Аягөз» құрылысы талқыланды

Инфрақұрылым
17.03.2026, 08:33
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Президент тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан стратегиялық маңызы жоғары «Бақты-Аягөз» теміржолының құрылысы қарқын алуда. Жуырда Абай облысы әкімдігінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, бас мердігер China Harbour Engineering Company Ltd. компаниясы, ҚР Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов және жобалаушы ұйым өкілдері қатысқан жиында жаңа жобаны іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Кеңеске Семей ЖТ бөлімшесі басшысы Алмас Сейсемқанов пен Семей магистральдық желі бөлімшесі директоры Айдын Шәукежанов та қатысты.  

Жергілікті компанияларды қосалқы мердігер ретінде құрылыс жұмыстарына тарту, жобаның аяқталу мерзімі және өзге де бірқатар өзекті мәселелер талқыланған басқосуда осыған дейінгі атқарылған жұмыстарға есеп те берілді. Атап айтсақ, бүгінгі күнге дейін инженерлік іздестіру жұмыстары толығымен аяқталып, желі бойындағы Ай, Шолпан, Үржар және Бақты учаскелерінде төрт вахталық қалашық салынған. Жиын барысында жобаның іске асырылу барысы, сондай-ақ жобаға қатысушы барлық тараптардың жұмысын өзара үйлестіру мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ аталған жобаны жүзеге асыру бойынша барлық бағыттағы жұмыстарды жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов жобаны белгіленген мерзімде іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, құрылысқа қатысушы барлық тараптың тиімді әрі үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін де баса атап өтті. Көлік министрлігі жобаның іске асырылуын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, мердігер ұйымдар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр. Құрылысты алдағы 2027 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.  

Айта кетсек, «Бақты-Аягөз» жобасы елдің көлік инфрақұрылымын дамыту және Транскаспий бағытындағы трансқазақстандық теміржол дәлізін қалыптастыру тұрғысынан аса жоғары стратегиялық маңызға ие.  

Жаңа құрылыстың жүргізілу барысы жергілікті Семей филиалының да назарында тұр. Осыған дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚның Жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры Илья Мещеряков Абай облысына жасаған сапарында Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов және атқарушы билік өкілдері бастаған арнайы топпен бірге болашақ желінің бойында болып, атқарылған жұмыстар барысын пысықтап қайтқан болатын.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды