«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Батыс» аймақтық филиалында жылжымалы құрамды қысқы маусымға дайындау жұмыстары жалғасуда. Биыл парк 51 жаңа вагонмен толықты. Бұл өз кезегінде жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, сапар жайлылығын жақсартуға оң әсерін тигізетін болады.

Жолаушыларға сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсету – теміржол саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта «Батыс» жолаушылар тасымалы аймақтық филиалында вагон паркін жаңарту және жылжымалы құрамды қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.  

Биыл филиалдың паркін толықтырған филиал жолаушылар вагондары паркін жаңарту мақсатында 51 вагон «RWS Wagon» ЖШС өндірісінен шыққан. Жаңа вагондар №23/24 және №33/34 «Ақтөбе-Алматы» пойыздарының құрамын жаңартып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырумен қатар сапар кезіндегі жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

– Біздің басты міндетіміз – жолаушыларға қауіпсіз, жайлы әрі сапалы қызмет көрсету. Қысқы маусымға дайындықты кестеге сай аяқтауға басымдық беріп отырмыз. Қазіргі таңда вагондарды дайындау жоспарының 86 пайызы орындалды. Алдағы уақытта да жолаушылардың жайлылығы мен тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз, – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық филиалының Ақтөбе бойынша директоры Ердәулет Сейітқазинов.  

Қысқы маусымға дайындық белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде. 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңге барлығы 289 жолаушылар вагонын дайындау көзделген. Қазіргі уақытта 248 вагон толық дайындықтан өтіп, қалған 41 вагонды 31 қазанға дейін дайындау жоспарланған.

Сонымен қатар қысқы кезеңде кадрлар мен шаруашылық нысандарының үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті шаралар атқарылды. Өндірістік ғимараттардың жылыту жүйелерін жуу және сығымдау, сумен жабдықтау жүйесіндегі бекіту-реттеу арматураларын тексеру жұмыстары толық орындалған. Филиал қызметкерлері қысқы арнайы киіммен 100 пайыз қамтамасыз етілген.