«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2026 жылға арналған темір жолды күрделі жөндеудің жылдық жоспарын толық көлемде орындады , деп хабарлайды Rail-news.kz.
Барлығы 572,7 км жол жөнделді, бұл жоспарланған көлемнің 100% құрайды.
Жұмыстар еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілді. Атап айтқанда, солтүстік өңірде 285,82 км жолға, оңтүстікте – 167,59 км, батыста 119,34 км жолға күрделі жөндеу жүргізілді.
Бағдарламаны іске асыру теміржол инфрақұрылымын жаңартуға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ темір жолының сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етуге бағытталған.