Экспорт артады

Инфрақұрылым
24.04.2020, 09:28
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстандық рельске сұраныс жоғары болып тұр. «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС алдағы уақытта экспортты еселемек.

Негізгі жолдың дәнекерленген бөліктерінің ұзақтығын арттыратын өнімдер шетелдіктердің қызығушылығы мен сұранысын арттыруда. Халықаралық стандарттарға сай зауыт өнімі қазірдің өзінде Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Түркіменстан, Ресей Федерациясы, Эстония және Иран елдеріне экспортталады. Компания енді өз өнімін Украинаға да жөнелтеді. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында Р-65 стандартына сәйкес, ыстыққа бейімделген 120 метрлік рельстер шығаратын кәсіпорын украиналықтардың де сенімінен шыққан.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС ДСТУ 4344:2004 бойынша шығарылған 1 санатты Р65 типті рельс өндірісін игерді. Осы жұмыстардың нәтижесінде биыл наурыз айында сәйкестік сертификаты алынды. Оның болуы Украина аумағында рельстік өнімді сатуға қажетті шарт болып табылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның ғана емес, Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді», – деп хабарлайды компанияның ресми сайты.

Ішкі нарықта да зауыт өнімі жоғары сұранысқа ие. Зауыт өнімінің Қазақстандағы ең ірі тұтынушысы болып табылатын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жоғары жылдамдықты магистральдарда қолданылатын кең жолақты жолдарды салуға лайықталған рельсті теміржол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына пайдаланады. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды