Күрделі жөндеу: жазғы жол жұмыстары басталды

Инфрақұрылым
28.04.2020, 13:11
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жаз маусымы теміржолшылар үшін ауқымды жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін қарбаласқа толы жауапты маусым. Елдегі төтенше жағдай режиміне қарамастан Ақтөбе магистральдік желі бөлімшесінде жазғы жол жұмыстары биыл да уақытынан кешіктірілген жоқ.

Ақтөбеліктер биылғы су тасқыны қаупі сейілгеннен кейін 13 сәуірде жол жөндеу жұмыстарын бастап кетті.

Жалпы аймақта биыл 65 шақырымға жуық (64,777 км) теміржолға күрделі жөндеу жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Ақтөбеде 15, 133 шақырым ескі теміржол төсемін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жол жөндеуге отандық өнім - Ақтөбе рельс арқалық зауытының рельстері пайдаланылады.

Биылғы жылдың еншісінде Орал - 1,977 км, Никельтау - 4,2 км, Қандыағаш - 4,8 км, Біршоғыр -1,453 км, Шалқар учаскесінде 2, 703 км жолды сауықтыру мен жаңарту, жол төсемін ауыстыру міндеті тұр.

Сонымен қатар, Никельтау учаскесінде ұзындығы бір шақырым болатын ескі рельстер жаңартылады.

– Қазіргі уақытта аймақ бойынша бірнеше учаскеде жолдарды күрделі, орташа жөндеу, рельс- бунақтарын ауыстырып, ескі рельстерді жаңарту жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Биылғы жазғы жұмыстарда 68,5 шақырым жолдың қиыршық тастарын ауыстыру да жоспарланған. Бүгінгі күні жолдың астынан топырақпен араласып балшығы шыққан қиыршық тастардың 5 шақырымнан астамы жаңартылды. Жұмыс көп. ДМ, ДГС, ПБР техникалары 200 шақырымнан аса жолға тазалау жұмыстарын жүргізеді. Ал ПРСМ машинасы жол төсеміндегі 1522 жердегі ақауларды жояды. Қазіргі күні 402 жердегі кемшіліктер жөнделген. ПРБ машиналарының 157 шақырым жолды тегістеу жұмыстары да жоспарға сай жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 10 шақырымға жуық жол тегістелді. Елдегі төтенше жағдай тәртібіне байланысты жөндеу жұмыстарына аздап қиындық тудырып жатқан жағдай 15 күн сайын ауысқан бригадаларға рұқсат алу, тексеру жұмыстары болмаса, басқадай кедергі жоқ, – дейді магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзин.

Қарауылкелді -142 учаскесінде ұзындығы 7,9 шақырым теміржол бойына бекітілген жоспарға сай күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алған Қандыағаш жол дистанциясының басшысы Ербол Сәулебеков, жол жөндеу - үздіксіз технологиялық процесс, сондықтан оған тек жолшылар ғана емес, энергетиктер, байланысшылар және басқа да теміржолдың салалық кәсіпорындары қатысып, инфрақұрылымды жақсарту үшін жұмыла жұмысқа кіріскенін жеткізді.

– Бүгінге дейін 4,7 шақырым жерге жаңа рельстер төселді. ВПО-3000 және ЛБ техникалары тегістеу, реттеу жұмыстарын ізінше жасап келеді. Жол төсемдері де дайын. Бәрі рет-ретімен жасалып жатыр. Бұл жердегі жұмыс біткен соң Жұрын-Ізімбет аралығындағы жолға күрделі жөндеу басталады. Ал шыққан материалдарды өзіміздің станциялық жолдарға төсеп, пайдаланып жатырмыз, – дейді дистанция бастығы. Жол жөндеу жұмыстарына негізгі тапсырыс беруші магистральды желі бөлімшесі болғанмен, негізгі жұмысты атқаратын мердігер компания «Теміржол жөндеу» мекемесі. Қарауылкелдідегі жұмыстар біткен соң Никельтауда 24, 9 шақырым жолға күрделі жөндеу басталмақ. Оның ішінде Жоса-Аққұдық станциясы арасындағы басты жол толық жөнделеді. Биылғы жылдың қорытынды жөндеу жұмыстары Шалқар аумағында өтпек. Ол учаскеде 21, 3786 шақырым жолға жөндеу жүргізу жоспарланған. Негізгі жөндеу жұмыстары Тасбұлақ-Шілікті, ШіліктіҚарашоқат аумағында жоспарланған.Өңірде жазғы жөндеу жұмыстарының жоспары күнде тыңғылықты түрде пысықталып отыр.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?