Толаскездер толассыз жүріп жатыр

Инфрақұрылым
25.08.2020, 09:39
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Қазақстан темір жолының өн бойында жол табанын жопарлы жөндеу жұмыстары қарқын алған. Жаздың соңғы күндері мен алдағы жаймашуақ күз маусымын тиімді пайдалану – жолшылардың дәстүрлі жұмысы. Еліміздің шығыстағы Семей бөлімшесінің жол шаруашылығы үшін қауырт маусым өтіп жатыр. 

Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Шәукежановтың мәлімдеуінше, бірнеше айға созылған карантиннен кейін, бүгінде аймақта пандемияның беті қайтқан соң жол жұмыстары қарқын алуда. Аягөз жол дистанциясында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатса, Жаңа-Семей жол дистанциясында да толассыз толаскездер өтіп жатыр. Мұнда жолшылар орташа жөндеу жұмыстарына кіріскен.

Ал осы бағыттағы жол жөндеу жұмыстарына жұмсалатын құрылыс материалдарын жеткізу ісінде Жаңа-Семей – Шар телімінің 739,9 шақырымында орын тепкен 3-ші класты Суықбұлақ станциясындағы жүк тиеу шаралары маңызды рөл атқарып тұр. Суықбұлақ станциясы – аймақтың дәл орталығында орын тепкен әрі құрылыс шикізаты өндірілетін бірегей станция. Сол себептен де жазғы жол жөндеу жұмыстары кезінде тәулік бойы қарбаласқа толы болады.

Толассыз өтетін толаскездер үшін, сондай-ақ, теміржолға қарасты үймереттерді күрделі жөндеуден өткізу кезінде де қажетті қиыршық құм, цемент пен асбест сынды құрылыс материалдарын тиеп, уақытында жөнелтіп отыру керек. Оның үстіне іргелі зауыттардың кеніш орындары, өндіріс ошақтары осында орын тепкен.

– Жазғы жол жұмыстарының белең алуына орай бүгінде 24 сағат көлемінде тәулік бойы қызмет көрсетуге көштік. Тұрақты түрде тәулігіне 80 вагонға жүк тиеп жолға шығара аламыз. Кейде тапсырыс көлемі күрт артып кететін кездері де болады. Мәселен, қазіргі күні карантиннен кейінгі жол жұмыстарының ширатылуы жүк жөнелтуде біршама салмақ түсіріп тұр, дегенмен бәріне үлгеріп жатырмыз, – дейді Суықбұлақ станциясының басшысы, бүкіл шығыс өңіріне әйгілі Тұрсынбековтер династиясының өкілі Ернұр Талғатұлы.

Биылғы жазда Суықбұлақ станциясынан жол жұмыстары үшін айына 1 600 вагон жүк тиеліп, жөнелтіліп жатыр екен. Белгіленген жоспар межеден асыра орындалған. Осында орналасқан үш зауыттың өндіріс көлемін еселеп арттыруы да оған сеп болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айы ішінде 7750 вагонның үстінде жүк тиеліп, жолға шығарылған. Бұл көрсеткіштер алдағы уақыттарда жоғарылайды деген болжам да бар. Себебі, Шөптіқақ – Жаңа-Семей станциялары аралығындағы жол жөндеу жұмыстарына қиыршық тас тиеу қазіргі күннің өзінде басталып кетті.

Алдағы уақытта Жаңа-Семей жол дистанциясына қарасты телімдер бойынша күшейтілген орташа жөндеу жұмыстарына орай тағы да толаскездер орын алмақ. Әйтсе де, шағын ғана Суықбұлақ станциясының ұжымы жұмыс ырғағына төселген, расында да, бәріне үлгеріп жатыр. Қазіргі күні тиелінген құрылыс материалдары негізінен Жаңа-Семей мен Аягөз станцияларына жеткізілуде. Соңғы уақытта бұл станцияларға әсіресе қиыршық тас пен құм мол көлемде жіберілген.

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды