Қайдауыл станциясында ағаш шпалдар ауыстырылып жатыр

Инфрақұрылым
17.06.2021, 13:17
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қайдауыл станциясында жол табанын сауықтыру жұмыстары қызу жүруде. Станцияның екінші жолында ширек ғасыр қызмет еткен ағаш рельстер алынып, орнына отандық темір-бетон рельстер төселіп жатыр. Осы жазда 8 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ аумағындағы жол жөндеу жұмыстарын міндетіне алған «Теміржол жөндеу» ЖШС мекемесінің Ақтөбе ПМС филиалы биыл 86 шақырым теміржолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Күрделі жөндеу жұмыстары наурыз-сәуір айларында Маңғыстау аймағынан басталып, кейін Шалқар жол дистанциясының аумағында жалғасты. Міне, енді Қайдауыл теліміндегі ширек ғасыр жатқан ағаш шпалдар ауыстырылып жатыр. «Теміржол жөндеу» ЖШС Ақтөбе ПМС филиалының директоры Марат Дадабаев Қайдауылдағы күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақты аралатып, жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды.

«Қайдауыл телімінің екінші бас жолына толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жасалынады. Бұл жердің ұзындығы 1200 метр. Жолды 48 сағатқа жауып, жөндеу жұмыстарын жасаймыз. Ескірген ағаш рельстерді алып, бетон рельстер төсеп жатырмыз», – дейді Марат Дадабаев.

Жөндеу жұмыстарына жүзге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстарына қажетті барлық техника бар. Ауыр техникалар жұмысын басқарып жүрген Еркін Төлеубаев ұзақ жыл кран машинисі болып еңбек еткен. Соңғы үш жылда ауыр техникалардың шебері қызметінде жүрген маманның қарамағында қазір 60-қа жуық машинист бар. Ауыр техникалардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қадағалап жүрген маман өз ісін бес саусақтай меңгергені оның батыл іс-қимылынан байқалады. Құрылыс басынан жоласты кабельдерінің қауіпсіздігін бақылап жүрген белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлерін де кездестірдік. Мамандар күрделі жөндеу жұмыстары кезінде кабельдерге зақым келмеудің алдын алуда. «Барлық кабель жолдың астынан өтіп жатыр. Әр жолдың астында қондырғылары мыз бар. Жөндеу кезінде ауыр техникамен жүргенде кабельдерді кесіп кетпеу үшін 1 метрге дейін тереңдетеміз. Бағдаршам, бұрма жолдардағы қозғалысты реттейтін кабельдерде ақау болмау үшін қадағалай- мыз. Кабель кесілсе кідіріс болады», – дейді Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясы басшысының орынбасары Елубай Бақтыбай. Биыл дистанцияда 500 метрден екі кабель ауыстыру жұмыстары жүрген. Жасалынған жұмыстың тиянақтылығын қарап, қабылдап алу жұмыстарына жауапты Біршоғыр жол дистанциясының басшылық құрамы да осында жүр. «Биылғы жылы дистанцияда барлығы 26 км жолға жөндеу жұмысы жүруі керек. Оның ішінде осы Қайдауыл бекеті, Қайдауыл-Ұлпан бекетіндегі тақ жолға күрделі жөндеу жүреді. Қозғалысты ашып, қауіпсіздікке жауап беретін біз болған соң салынған  жолды дұрыстап қабылдап алуымыз керек. Жұп жолда барлығы 8 км жерге жол жөндеу жұмыстары жүреді», – дейді Біршоғыр жол дистанциясы басшысының орынбасары Рақымжан Қосанов. Негізгі жұмыстар жоспарға сай ағаш шпалдардың тозуына байланысты жылдамдық азайтып кеткен тұстарда жасап жатыр. Жалпы Біршоғыр жол дистанциясы аумағында 60 км жерде ағаш шпал жатыр екен. Жыл сайын кезең-кезеңмен оларды темір-бетонға ауыстыру жүргізілмек. Өңірде күрделі жөндеу жұмыстары кесте бойынша қыркүйекке дейін жалғасады. Жол жөндеушілер Қайдауыл басындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң Қандыағашқа өтеді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды