Нұрбол Нұрғалиев: ҚТЖ-да цифрландыру үдерісі ТМД елдерімен салыстырғанда едәуір дамыған

Сұхбат / Цифрландыру
06.03.2024, 12:40
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының автоматтандыру жұмыстары қалай жүзеге асуда? Осының аясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының цифрландыру жағдайы қандай деңгейде? Пойыздарда ғаламтор желісіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін Wi-Fi арқылы кең жолақты ғаламтормен қашан 100 пайыз қамтылады? «ҚТЖ» ҰК» АҚ киберқауіпсіздік басқару процестері бойынша  және өзге де өзекті сауалдарға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Автоматтандыру және цифрландыру филиалының директоры сұхбат барысында жауап берді.  

– Нұрбол  Жолдаспекұлы, алғашқы сауалымызды ұлттық компанияда цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сұрасақ?

– Цифрландыру – бұл әрине бүгінгі таңда тек темір жолда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Бұған дейін автоматтандыру ғасыры болса, қазір цифрландыру кезеңіне аяқ басудамыз. Бүгінгі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – цифрландыру технологиясын дендеп енгізіп жатқан еліміздегі көп құрылымды, көп процесті, 110 мың жұмысшысы бар үлкен компания болып табылады. Олардың атқарған жұмысының ауқымы да жоғары.  

Кезең-кезеңмен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды атап өтетін болсам, ол ҚТЖ-да жолаушыларға сервистік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, яғни «Мобиус» жүйесі арқылы теміржол билеттерін сатудың отандық жүйесіне толық көшу арқылы теміржол билеттерін онлайн режимінде сатып алу және қайтару ресми bilet.railways.kz порталынан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болатыны. Оған дәлел ретінде электрондық теміржол билеттерін сату үлесі 2023 жылда 75% дейін өсті.  Жол жүру құжаттарын билет кассалары арқылы сату 25% төмендеді. Алдағы уақытта 100 пайыз көрсеткіште теміржол билеттерін онлайн режимінде сатып алынады деп болжамдаймыз. Жолаушыларға билет сатып алудың оңтайлы шешімі ретінде «Мобиус» базасындағы kaspi, aviata, travel және басқа да агрегаторлармен ынтымақтастық жасалынды. Ол дегеніміз танымал қосымшалар арқылы билеттерді сатып алу процесі жеңілдетілді.  Бұл да цифрландыру бағытындағы үлкен жетістік. Орта Азия мемлекеттерінде тіпті ТМД елдерінің көбінде онлайн режимінде сатып алу жүйесі іске қосылмаған. Бұл дегеніміз – ҚТЖ да цифрландыру үдерісі басқа ТМД елдерімен салыстырғанда едәуір дамыған.  

2024 жылдың негізгі міндеттерінің бірі – цифрландыру бағдарламалары аясында теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды жаңарту. Бірінші кезекте іштегі процестерді цифрландыру, автоматтандыру бойынша жұмыстарды дамыту бойынша жоспарлар бар. Себебі әлі күнге дейін вагонның нөмірін жазып тұратын тізімдеушілер бар. Бұл дегеніміз қазіргі таңда технология қарқынды дамып жатқан кезеңде вагон нөмірлерін адам күшімен атқарып жазып отырған дұрыс емес. Олар өз кезегінде келесі процестің тез атқарылуына кедергі болады. Шешім ретінде оған кез келген нәрсені танып-білетін бейнекамераларды қолдану және оған қол жеткізуге қажетті өзгерістерді іске асыру жоспары бар.  

Сонымен қатар цифрландыру технологиясын қарқынды түрде енгізіп жатқан жарқын көрінісін, соңғы жылдары жүк тасымалы саласындағы цифрлық ілгерілеуден байқауға болады. Атап айтқанда қағазсыз құжат айналымын енгізу, жүк жөнелтушінің жүк құжаттарын тәулік бойы режимде үйден шықпай рәсімдеу мүмкіндігі, интернет бойынша жүкқұжат алу және жүкті станциядан станцияға дейін бақылау мүмкіндігі сияқты тағысын тағы фукнциялар. Аталған қызмет көрсетулер – цифрландыру жемісі. Осылардың бәрін алғанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тұрақты даму, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен экономикалық тиімділігі бойынша бизнес-процестерді жетілдіруге, қызметті цифрландыруға және қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға ұмтылады. «Самұрық-Қазына» қоры басшылығымен «Цифрлық темір жол» бағдарламасы аясында бизнес-моделін цифрландыру қызметін жаһандандыру шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі уақытта SAP S/4 HANA негізінде кәсіпорынды басқарудың негізгі процестерін қайта құру және автоматтандыру жобасы аясында 1783 процес, яғни «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және олардың филиалдарында келесі бағыттар бойынша бизнес-процестерді реинжиниринг және автоматтандыру жұмыстары:  

• бухгалтерлік есеп,  

• салық есебі,  

• басқару есебі,  

• қазынашылық,  

• сатып алулар мен қоймаларды басқару,  

• сату,

• Магистральдық желі дирекциясы үшін техникалық қызмет көрсету және жөндеу сияқты цифрландыру жұмыстары атқарылып жатыр.

Компанияның трансформация бағдарламасы аясында қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі – Көпфункционалды қызмет көрсету  орталығының жылына 3 млн бастапқы есепке алу құжаттарын, яғни орындалған жұмыстар актісі, шот-фактураларды тағы сол сияқты процестерді өңдейді. Аталмыш қызмет көрсету жұмысы Компания қызметін айтарлықтай оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттырды, сонымен қатар Компанияда операциялық шығындардың  азаюымен қатар жұмыс тиімділігінің артуына мүмкіндік берді.  

Өздеріңіз білетіндей, ҚТЖ тек жолаушылар тасымалымен айналысып қана қоймай, өндірістік қызметпен де тығыз байланысты. Өндірістік процестерді цифрландыру бойынша жергілікті автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Айталық, бізде 600-ден астам жылжымалы құрамның жай-күйін бақылаудың техникалық құралдарының кешені бар. Бұл кешен бақылау құралдарының көмегімен дұрыс емес вагондар (локомотивтер) табылған пойыздар станцияда (авариялық деңгейдегі «дабыл» сигналын әзірлеу кезінде) немесе осы бақылау құралдары орналасқан станцияға жақындағанда (сыни деңгейдегі «дабыл» сигналын өңдеу кезінде) вагонды (локомотивті) тексеру, ақауларды жою немесе ағытып алу үшін тоқтайды). Оның барлығының деректерін жинап, өңдеу және аналитика жұмыстары жүргізілмеу проблемасы тұр. Сондықтан бізге өндірістік бизнес процестерді автоматтандыру мен цифрландыруды пысықтауымыз қажет және ол ақпараттар қайта жіберіліп жатқан мәселесін қарастырып, барлығын жүйелендіріп, бірыңғай тәртіппен бір жүйеге қамтып, мәліметтің барлығы бір жүйеде жинақталғаннан кейін Big Data етіп пайдалануға болады.

– Әр қызмет саласында цифрландыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр деп айттыңыз. Енді цифрландыру бойынша қызмет түрін атқаратын мамандар жеткілікті ме?

– Цифрлы темір жолды іске асыру әрбір қызметкерге жаңа талаптар жүктеп, теміржолшыларды жаңа белестерге бейімдейді. Алайда, «ҚТЖ»  ҰК» АҚ бойынша ІТ мамандардың саны 1%-ы ғана қамтиды. Ол автоматтандыру саласы үшін проблема болуда. Барлығын автоматтандыру үшін өзекті мамандар қажет. Әзірше «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының бірінші басшыларына әкімшілік-басқару персоналының санын кезең-кезеңімен қысқарту тапсырылды. Дегенмен, қысқартылып жатқан мамандардың штатына босаған 10 орынның кем дегенде екі-үшеуіне ІТ мамандарын алу қажеттілігі туындап тұр. Осылайша маман тапшылығын жоя аламыз. Себебі сол тапшылық IT-саласының дамуына кері әсерін тигізіп, цифрлық экономиканы жүргізуге, озық технологияның игілігін көруге кедергі келтіруі мүмкін.  

Кезінде әр құрылым өздерінің ІТ маманымен жұмыс істеді, бірақ әр құрылымға серверлік күш керек, жекелей сатып алғанда ол қымбатқа түседі. Ал барлығын бір жерге жүйелендірсе, әлдеқайда пайдасы көбірек болады. Екіншіден, мәліметтің барлығы бір жүйеге түссе, оны жинақтап, «Big Data» етіп пайдалану темір жолдар жұмысының тиімділігін арттырады.  

Мәліметтерді берудің компоненттері ретінде оптикалық-талшықты интернет болып табылады. Еліміздегі теміржол желісі өтетін жерлердің барлығында оптикалық-талшық желісі бар. Мәселен, 12 980 км оптикалық-талшықты интернет желісінің құрылысын еншілес кәсіпорын «Транстелеком» АҚ жасаған, оның ішінде 8 оптикалық-талшығы ҚТЖ-ға деп арнайы бөлінген. Одан бөлек 5513 км оптикалық-талшық желісі өзіміздікі, барлығын қосқанда 19 мың км оптикалық-талшықпен қамтылған. Дегенмен, мәліметті беру жылдамдығы төмен жерлер бар. Қазір соларды оңтайландыру жағын қарастырып жатырмыз. Ендігі міндет – барша теміржол бойында осы желіні тарту, қарқынды жұмыстар жүргізу. Осылайша еліміздің барлық өңірін қамтитын жаңа оптикалық-талшықты желі теміржол саласы мен жол бойындағы елді мекендердің жоғары жылдамдықты интернетті пайдалануы бойынша жұмыстар жақын арада шешілетін болады.  

– Талшықты-оптикалық желісі туралы сөз қозғадыңыз, оларды жөнге келтірсе, пойыздағы ғаламтор жоғары жылдамдықпен жұмыс істей ме?

– Әлбетте, бізге жоғары жылдамдықты ғаламтор пойыздарда  қашан енгізіледі деген сұрақтар жиі қойылады. Біздің тараптан жүргізілген сараптама нәтижесінде ғаламтор байланысы қандай, қай жерде жылдамдығы нашар екені анықталды. Билайн, Kcell, басқа да операторлардың ғаламтормен қамту тізбегінде қарастырдық. Біз байланыстың магистральдық желісін тартып, жоғары жылдамдықты мәлімет таратуды еліміздің көптеген өңірлеріне жеткізіп отырмыз, тек станциялардың ортасында жоқ.  Енді барша темір жол бойында осы желіні тарту біздің негізгі мақсатымыз болып отыр. Билайн операторына талшықты-оптикалық желісі құрылғыларды орнату  бойынша  ұсыныс жасалынды.

Сонымен қатар төмен орбиталық спутниктік топтар түрінде технологиялардың кең қолжетімділігінде пайда болуын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта бұл алыс жерлерде деректерді берудің ең перспективалы және озық технологиясы және физикалық байланыс арнасымен қосылу қиын. Бұл технология байланыс арналары қызметін ұсына отырып, әлемнің кез келген нүктесінен сигналдарды қабылдауға және беруге қабілетті көптеген спутниктері бар ғарыштағы инфрақұрылым болып табылады. Қызметтің негізгі операторлары – OneWeb және Starlink. Қазіргі уақытта жолаушылар пойыздарында интернет беру бөлігінде OneWeb және Starlink-пен ынтымақтастыққа қатысты мәселе пысықталуда.

OneWeb қайта құрылымдауына байланысты Eutelsat One Web ілгерілеуі баяулады. Сондықтан Компания қазір Starlink-пен мәселені шешуде.

Өздеріңіз білетіндей, қазір ҚР Сенатында осы технологиялардың заң хаты бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін заңнамаға түзетулер өтіп жатыр

– Ғаламтор желісі тартылмаған ауылдарда тұрғындар билетті электронды түрде қалай алады?

– Жалпы ауылда байланыс та, ғаламтор желісі де бар. «ҚР ЦДИАӨМ» «РҚКО» АҚ-мен бірлесіп «цифрлық теңсіздікті» жою жөніндегі бағдарлама шеңберінде «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің ресурстарында геостационарлық спутниктік көлік желісі арқылы кең жолақты қолжетімділікке 176 ауылдық елді мекенді қосуды жүзеге асырды. Қазақстанда спутниктік арналарға қолжетімді 500-ден астам ауыл бар, олардың ведомствосы 2024 жылдың соңына дейін интернетке қосылуға уәде береді. Ол жерде кем дегенде 2G немесе 3G бар. Тек жылдамдығы төмен. Алайда тұрғындар 3G арқылы еш қиындықсыз ғаламторды пайдаланып, онлайн түрде билетті сатып ала алады.

– Мәселен, жол бойында жүріп келе жатқан пойызда қандай ақау барын автоматты түрде анықтауға бола ма? Мұндай жұмыстар қазір қолмен атқарылып жатқаны белгілі.

– Бұл бағытта да жұмыстар атқарылуда. Жол бойында жүріп келе жатқан вагонның ақауы негізінен дөңгелегінде болады. Дөңгелектің қалыңдығын, жарықшағын бәрін өлшейтін жүйелер бар, аталмыш құрылғыны орнату бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Электронды таразымен қанша жүк тиелгенін, серіппесінің сынғанын, басқа да жарықшақтарды анықтайтын жүйелер бар.  

Мәселен,  Америкалық Wabtec компаниясының Кинетекс жүйесі, Ресейдің НИИАС институты да ПП СС жүйесі, оған қоса Қытай елінің компанияларының құрылғыларын зерттеп, осылардың қайсысы тиімді екенін қарастырудамыз.  

ҚТЖ мен Huawei ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, сол бойынша айтып берсеңіз.

– «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі деңгейіне, тасымалдау кезінде ұсынылатын қызметтер сапасына, транзиттен өту режиміне және теміржол тасымалы жүйелерінің біріктірілген жұмысына әсер ететін озық цифрлық технологияларды енгізу мен дамытуға ерекше назар аударады. Компанияда екі мыңнан астам құрылғы ескірген, оларды қалпына келтіру, жаңарту мақсатында технологиялық процестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, Huawei компаниясымен арадағы ынтымақтастық әлеуеті Қазақстан темір жолдарында заманауи инновациялық технологияларды бейімдеуге, сондай-ақ қызметтер сапасының ең жоғары стандарттарын қолдауға мүмкіндік береді. Оған дәлел ретінде 28 ақпан 2024 жылы Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Қытайдың Huawei компаниясы бірлесіп құрған теміржол индустриясын цифрландыру саласында бірлескен зерттеулер жүргізу және қызметкерлерді оқыту бойынша жаңа инновациялық орталықты ашты.  

Huawei-мен әріптестік Қазақстанның көлік саласын, жалпы елді дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

– Киберқауіпсіздік деп жатамыз. Деректер мен мәліметтердің сыртқа шығып кетпеу жағы қалай қорғалады?

– Киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздікті басқару мен қамтамасыз етудің жоғары бейімделгіш және тиімді жүйесін құруға бағытталған қызметті жүзеге асыратын Ақпарттық қауіпсіздік бөлімі жұмыс істейді. Олар ұлттық қауіпсіздік жағын қамтамасыз етеді.  

– 2023 жылы жаз айында жолаушылар пойыздарының сағаттап кешігулері орын алды. Жолаушылар сол кезде пойыздың кешігетінін алдын ала неге хабарламады деген уәждерін айтты. Пойыздың кешігетіні туралы хабарлама жіберу жағын іске асыруға болмай ма?

– Пойыздың кешігуіне әртүрлі факторлар әсер етеді. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы ІТ мамандарымен бірлесе отырып, ситуациялық орталық құрып, бұл бағытта жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр. Пойыздардың кешігетіні туралы алдын ала хабарлама  жіберетін қосымша іске қосылып, автоматтандыру мәселесі қолайсыз факторлардың алдын алады.  

Біздің компания озық технологияларға көшу ісін көптен бері қолға алуды жоспарлап келеді. Тек өздеріңізге аян, барлығы қаржы мен жұмыс күшін талап етеді. Оның бәрі уақыт еншісінде.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Әлеумет
05.12.2024
Көлік полицейлері жыл басынан бері 80 мыңнан астам құқық бұзушыны анықтады
Инфрақұрылым
05.12.2024
Алматы облысында айналма жолдың алғашқы рельстері төселді
Аймақтар
05.12.2024
Осы жылдың 10 айында Ақтөбе арқылы 18 544 транзиттік пойыз жүріп өтті
Әлеумет
05.12.2024
Маңғыстау темір жолында жиырмадан астам модульдік үй бой көтерді
Жаңалықтар
04.12.2024
ҚТЖ басшылығы Алматыны айналып өтетін теміржол желісі құрылысының жұмысымен танысты
Жолаушылар тасымалы
04.12.2024
Елімізде биыл пойызбен 21 миллиондай жолаушы тасымалданды
Инфрақұрылым
04.12.2024
Жаңаарқа торабының электр жабдықтарын жаңғыртудың маңызды кезеңі аяқталды
Әлемде
04.12.2024
Wabtec сутегі-дизельді қозғалтқышты сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
04.12.2024
Осы жылдың 10 айында Ақтау порты арқылы 4,2 миллион тонна жүк тасымалданды
Аймақтар
03.12.2024
ҚТЖ басшылығы Алматы теміржол торабындағы кәсіпорындарды аралады
Қауіпсіздік
03.12.2024
Қызылордада шұғыл тежеу екі есе өсті
Аймақтар
03.12.2024
Тараз торабындағы келелі кеңес
Аймақтар
03.12.2024
Атырау теміржолында «Қыс-2024» оқу-жаттығуы өтті
Спорт
03.12.2024
Ақтөбеде теміржолшылар арасында спорттық сайыстар өтті
Аймақтар
03.12.2024
Семейлік теміржолшыларға жаңа автокөліктер пайдалануға берілді
Аймақтар
03.12.2024
«Кіші Түрксіб» іске қосылды
Жаңалықтар / Мұрағат
03.12.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №102 03 желтоқсан 2024 жыл
Жүк тасымалы
02.12.2024
Қараша айында ҚТЖ желісі бойынша 1,4 млн тоннадан астам биылғы астық тиелді
Сұхбат
02.12.2024
Сәкен Рахметов: «Ілкімді істер де көп, жетістіктер де жеткілікті»
Аймақтар
02.12.2024
Үздіктер анықталды