Атқарар жұмыстың ауқымы кең

Сұхбат
05.12.2019, 10:11
Елена Колдасбаева

Собственный корреспондент по Алматинской области

Алматы бөлімшесінің жүк тасымалындағы рөлі ерекше. Бұл бөлімше аумағында Алтынкөл, Достық сияқты мемлекетаралық шекаралық түйісу станциялары орналасқан. Сондықтан бөлімше аумағымен пойыздардың үздіксіз жүріп тұруына айрықша назар бөлінген. Осы ретте біз Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Сабыр Иманғалиевпен тасымалды ұйымдастыруда пайдалану жұмыстарын және еңбек қорғау жағдайын жақсарту бағытында нендей шаралар атқарылып жатқандығы туралы және басқа да мәселелер жайында әңгімелескен едік.

 – Пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бірінші кезектегі міндет. Мұны қатардағы қызметкерден бастап кәсіпорын басшысына дейін жақсы түсінеді. Еңбек қорғау жағдайын талдау ай сайын бөлім басшыларымен өндірістік кеңестерде және бөлімше станциясының қызметкерлерімен селекторлық кеңестерде жүргізіледі. Бүгінгі күні кемшіліктерді анықтау аз, талдау жасай білу, технологиялық процеске араласуды үйрену, қызметке баға беру, нормадан ауытқулар, персоналдың қателіктері, техникалық құралдардың жай-күйіне және олардың істен шығуына мониторинг жүргізуді дамыта білу керек. Бастысы нақты профилактикалық жұмыстарды жүргізуге назар аудару керек.

Жол бөлімшесінің пайдалану жұмыстарын және еңбекті қорғау жағдайын жақсарту үшін біз семинарлар, практикалық сабақтар, іскерлік ойындар өткіземіз. Кадрларды оқыту – маңызды нәрсе. Бұл бағыттың басты мақсаты еңбекті қорғау бойынша білім деңгейін және еңбек процесіне қатысатын қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру болып табылады. Барлық осы іс-шаралар еңбек қорғау талаптарын бұзу санын азайтуға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Еңбек мүдделерді іске асырудан бастап, олардың корпоративтік нәтижелерге қосқан үлесін арттыра отырып қол жеткізетіндей ұйымдастырылуы тиіс. Біздің жұмысымыз табысты болу үшін әрқашан қатаң тәртіп болуы керек.

– Сабыр Болатбекұлы, станциялар мен учаскелердің өткізу және қайта өңдеу қабілетін арттыру үшін қандай жұмыстар атқарылды?

– Ақтоғай-Саяқ учаскесінің барлық жекелеген пункттерінде №3а бұрын консервацияланған жолдарды ашу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұдан басқа Достық станциясының жұмысын жақсартуға бағытталған іс-шаралар бойынша материалдар дайындау жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда: «Д» және «Г» парктерінде қосымша жолдар салу, станцияның «Т» паркіндегі жолдарды ұзарту, Достық-19 разъезд аралығында екінші жол салу, 19 разъезд бойынша қосымша жолдар салу. Сондай-ақ, әкімшілік және тұрғын үйлерді жөндеу, Достық станциясында жаяу жүргіншілер көпірі мен артезиан ұңғымаларын салу есебінен станция қызметкерлерінің санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар белгіленген. Бұл Достық станциясы мен жалпы бөлімшенің жұмысын жақсарту үшін жоспарланған іс-шаралардың бір ғана легі. Сонымен қатар, Боралдай, Жетісу және Алматы-1 станцияларының жолдық дамуын арттыру мәселесі қарастырылуда.

Филиал қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру үшін барлық жағдай жасалуда, техникалық оқу кабинеттері жабдықталып жатыр. Мысалы, ағымдағы жылы Алматы-1, Достық және Үштөбе станцияларында техникалық кластар талапқа сәйкестендіріліп ашылды. Жыл басынан бері жол, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау, өрт сөндіру пойыздары мен вагон шаруашылығының мамандарын шақырумен ЖТ бөлімшесі учаскелерінде техникалық сабақтар өткізу үшін желіге 28 рет шығу жүзеге асырылды. 30 техникалық сабақ өткізілді, 39 станция, 46 разъезд қамтылды, 723 қызметкер қатысты. Станциялардың 524 қызметкерінің білімі тексерілді.

– Басшы ретінде, пайдалану жұмысын жақсарту, өндірістік қауіпсіздік пен экологияның жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қабылдау қажет деп ойлайсыз?

– Жол картасына сәйкес, тораптық кеңестерде, селекторлық кеңестерде тұрақты негізде 7 алтын ереже қарастырылған. Бөлімшелерде «Алтын ережелер», «Есіңде болсын, сені үйде күтіп отыр!», «Өндірістік қауіпсіздіктің он екі негізгі ережесі» деген тақырыптарда көрнекі құралдар ілініп тұр Ағымдағы жылдың желтоқсан айында 20 қызметкер өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқудан өтеді. Осы жылдың көктемінен бастап Алматы ЖТ бөлімшесінде «Жасыл жұма» экологиялық акциясы өткізіліп келеді, ол филиалдың барлық бөлімшелерінде қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған. Бүгін Алматы ЖТ бөлімшесінде қоқысты бөліп жинауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Филиалда келесі фракциялар бойынша: қағаз, шыны, пластик қалдықтарды бөлек жинау үшін үш секциялы 9 контейнер сатып алынды. Олар филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде ғимараттар мен дәліздерге кіре берісте орнатылған.

Филиалда «Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу және ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап «Жасыл жұма» акциясын өткізу туралы» бұйрық шығарылды, осыған сәйкес қызметкерлерге қатты тұрмыстық қалдықтарды сегрегациялау және қалдықтарды араластыруға жол бермеу бойынша ережелер түсіндірілді. Экологиялық акция шеңберінде пайдаланудың оңтайлы режимдеріне, отын-энергетикалық, су ресурстарының шығынына, ластаушы заттардың төгінділері мен шығарындыларына жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

– Жұмыста жарақаттану мен ақауларды азайту және болдырмау бойынша қандай іс-шаралар әзірленді?

– Жұмыстың қауіпсіз технологиялық процесін қатаң және нақты регламенттейтін техникалық сабақтар мен нұсқаулықтардың жүргізілуіне қарамастан, өндірістік жарақаттану жағдайын жою мүмкін болмай тұр. Біздің ісімізде тиімділік ақаудың салдарын жоюмен емес, алдын алу шараларымен бағаланады. Әрине, жарақаттану жағдайлары – жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауының, бақылаудың босаңсуының немесе болмауының, технологиялық процестің бұзылуының және тәртіптің сақталмауының теріс нәтижесі. Біздің барлық станциялық қызметкерлер қауіптілігі жоғары аймақта – түнгі уақытта маневрлік жұмыс өте қиын жағдайларда жүргізіледі. Айына бір рет пойыз диспетчері, станция бойынша кезекші, дөңес бойынша кезекші және пойыз құрастырушылар, маневрлік және пойыздық локомотивтер машинистері арасындағы сөйлесу регламентін сақтау жазбалары тыңдалады.

Арнайы киімге алыстан шағылысып көрініп тұратын элементтер салынады, ымырт шақтағы жарық көмескіленіп тұратындықтан вагондар мен локомотивтерді сырлау кезінде қарама-қарсы түстер пайдаланылады. Тұрақты негізде станция паркінде көліктік полиция қызметкерлерімен және Жетісу көлік прокуратурасы мен жол полициясы өкілдерімен бірлескен рейдтер жүргізілуде, онда темір жол арқылы өту ережесін бұзушыларға айыппұл салынады.

Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамытуды талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды