ҚТЖ жастарының әлеуеті өте зор

Сұхбат
03.10.2020, 17:10
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Соңғы жылдары ҚТЖ жастарды модульдік оқыту жобаларына ерекше көңіл бөлуде. Бұл жобалардың басты көздегені – көшбасшылық қасиеттері мықты басқарушы тұлғалар дайындау. Осы орайда компанияның адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабыловамен теміржолдың дарынды жастары туралы тілдескен едік. 

 – Қазіргі таңда ҚТЖ-да жастарға қатысты жобалар көп. Сол жобалар аясында оқып жатқан жастардың деңгейі қандай? 

– Мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағасын ҚТЖ сол бастаманы қолдап, «ҚТЖ 100 жас есім» бағдарламасын іске қосты. Үш жылдық бағдарлама аясында дарынды жас теміржолшылардан компанияның жедел кадрлық резервін құру, болашақ басқарушыларды дайындау міндеті тұрды. Сонымен қатар олардың рөлі өзгерістер агенті ретінде танылып, трансформациялық идеяларды ілгерілетуде көріну керек болды. Олардың бойында мынадай 5 қасиет болуға тиіс еді: барлық шараға қатысушылық, әлеуеттілік, көшбасшылық, кәсібилік және сыбайластыққа жол бермеушілік. 

Бағдарлама аясында жастар 5 кезең бойынша іріктеуден өтті. Бұл жастар кімдер деп сұрасаңыз, айтайын. Гендерлік құрамы жағынан олардың 16% нәзік жынынстылар болса, 84% ер азаматтар құрайды. 

Кадрлық құрам жағынан 53%-і өндірістік персонал, 47% – АУР, яғни кеңсе персоналы. Ал географиялық тұрғыда құрамына келсек, 69% жастар – өңірлерде тұратындар. Жас шамасы жағына келсек, 25 жасқа дейінгілер – 7%, 25 пен 30 жас аралығындағылар – 49% және 30-35 жас аралығындағылар – 44 %. Мен ҚТЖ жастарының әрбірінің әлеуеті өте жоғары екенін білемін. Осы тұрғыда біздің міндетіміз – сол әлеуетін көрсете алуына жағдай жасау. Ол үшін алға үлкен мақсаттар қойып, жақсы жаққа өзгеру керек. Сонда ғана біз осындай алып компанияның ісін алға бастырып, өркендете аламыз. 

– Модульдік оқыту пандемия жағдайында онлайн форматта өтуде. Оның сапасы қалай болады? 

– «ҚТЖ 100 жас есім» бағдарламасы бірнеше модульге бөлінген.

Биыл «БЛАГО», яғни, жақсылықтар жасау жылы. Жалпы біздегі модульдердің бәрі де soft skills біліктілігін арттыруға бағытталған. 

Осы жылы мамырда өткен бірінші модуль кәсібилік деп аталды. Екіншісі шілдеде өтіп, оны әлеует деп атадық. Ал осы айда кеше ғана басталған үшінші модуль көшбасшылық деп аталады. Төртіншісі сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша желтоқсанда өтеді. Биыл карантинге байланысты шара форматы офлайннан онлайнға көшірілді. Ал нәтижелеріне келсек, өте жақсы жемісін беруде. Жастар білімге әбден сусапты. Бәрін сіңіруде. Кәсіби жетістіктері бойынша жыл басынан бері 24 қызметкер ротация, 4 маман көлденең ротация алды. 2021 жылғы тақырып «Өзің білдің, енді жақсылық (БЛАГО) жаса да, сол білімді тарат» болады. Келесі жылдың тағы бір артықшылығы жобадағы жастарға ағылшын тілі үйретіледі. 

– ҚТЖ өз жастарынан не күтеді? БЛАГО сөзі ұран етіп алынғалы оның берген жемісі қаншалықты болды? 

– Компания былтыр жаңа корпоративтік құндылықтарын іздеді.

Сауалнама жүргізу нәтижесінде компанияның негізгі қағидаттарын көрсететін 5 құндылық анықталды. Сондай құндылықтардың 7 нұсқасы бойынша дауыс берілді. Соның ішінде ең көп дауыс жинаған БЛАГО құндылығы нұсқасы таңдалды. Оның мағынасы: Б – Безопасность-қауіпсіздік, Л – Лидерство-көшбасшылық, А – Амбиция; Г – Гордость-ар-намыс, О – Ответственность-жауапкершілік. 

Осы қасиеттердің бәрі теміржолшыларға тән. Осы ұран аясында қолға алынған «2020 қайырымды іс» бағдарламасы бойынша биыл 9 айда теміржолшылар 2800 қайырымдылық шарасын өткізді. Мұндай жақсы істер әлі де жыл аяғына дейін жалғаса береді.

– Сіз үнемі ізденіс және даму үстінде жүретін белсенді жансыз. Бәріне бірдей қалай үлгересіз? Жалпы, ҚТЖ сіздің дамуыңызға қаншалықты әсер етті?

 – Мені көбі әлеуметтік қызметкер, ауқымды шаралар ұйымдастырушысы ретінде таниды. Бұл салаға мен 2008 жылы келгенде 24 жаста едім. Жамбылда заң саласында жоғары білім ала жүріп, мен болашақ өмірім көп адамдармен байланысты болатынын сездім. Міне, қазір қарасаңыз, өмірімнің бәрі көптің ортасында, нақтырақ айтқанда, үлкен компанияның «қайнаған қазанында» өтуде. Кәсіби қызметім өте қызық, күн сайын менің өмірімде жаңалықтар, кездесулер мен жаңа таныстықтар орын алып жатады. Қазіргі таңда мен ҚТЖ баскетбол командасының мүшесімін, Жастар саясаты мен «2020 қайырымды іс» бағдарламасының жүзеге асырушысымын, түрлі пікірсайыс алаңдарының спикерімен, сертификаты бар ҚТЖ ішкі жаттықтырушысымын және үш баланың анасымын. Жақында HR халықаралық мектебін тәмамдадым. Бүгінде менің кәсібімнің негізгі профилі – бұл корпоративтік мәдениет, ішкі коммуникациялар және HR бизнес-серіктестік.

Соңында сіздермен 1 лайфхакпен бөліскім келеді. Өз жұмысыңыздан ләззат алыңыз. Адам өмірінің көп бөлігін жұмыста өткізеді, сондықтан үнемі көңіл толмаушылық, іш пысу адамды күйзеліске әкеледі. Өз жұмысыңызға басқа қырынан қарап үйреніңіз, бұл салада мүлдем жұмыс жасап көрмегендей күйде болыңыз. Себебі «сырттан қарау» көзқарасы бізге өз жұмысымыздың жаңа артықшылықтарын, сол бағытта даму жолдарын табуға әсер етеді.

– Рахмет, Сізге тек сәттілік серік болсын! 

Жаңалықтар
06.06.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды
Жаңалықтар
06.06.2026
ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады
Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста
Аймақтар
05.06.2026
Еңбек түбі – береке
Аймақтар
05.06.2026
Дарынды жүз бала қатарында
Жаңалықтар
05.06.2026
Донор болу – сауапты іс
Әлеумет
05.06.2026
Әрқашан күн сөнбесін...
Жаңалықтар / Мұрағат
05.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №43 5 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
04.06.2026
ҚТЖ осы жылдың мамыр айында локомотивтердің кезекті партиясын алды
Инфрақұрылым
04.06.2026
Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.06.2026
Теміржолшылар мемлекеттік рәміздер құрметіне ауқымды патриоттық флешмоб орындады
Жаңалықтар
04.06.2026
Минскіде Қазақстан мен Беларусь темір жолдары басшыларының екіжақты кездесуі өтті
Жаңалықтар
04.06.2026
Көк Туды көкке көтерген чемпион
Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді