Алматыда өткен форумда темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Жаңалықтар
25.11.2021, 20:59
Елена Колдасбаева

Собственный корреспондент по Алматинской области

Алматыда «Логистика, көлік және білім берудегі инновациялық технологиялар» халықаралық конгресі аясында Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі еуразиялық форум болып өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. Іс-шара «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Транстелеком» АҚ және Көлік және логистика  академиясы ұйымдастырды. Сындарлы диалог алаңына Орталық Азия мен ТМД елдері мемлекеттік органдарының, теміржол әкімшіліктерінің, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтарының, білім беру мекемелері мен жобалау ұйымдарының өкілдері жиналды. Қатысушылар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған процестерді цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін, тасымалдау кезіндегі апаттылықты азайту шараларын талқылады. Жылжымалы құрамды жөндеу және пайдалану сапасын арттыруға баса назар аударылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі директоры Марат Шакеновтың айтуынша, цифрлық даму және инфрақұрылым нысандарына инновацияларды енгізу теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзу қаупін азайтуға ықпал етеді.

- Көлік қызметтері нарығында жыл сайын тасымалдау процесіне қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде жүйелі интеграция және олардың қызметін үйлестіру, ең алдымен ортақ стандарттарды, ережелерді енгізу  арқылы және процестерді цифрландыру талап етіледі, - деп атап өтті ол.

Тасымалдау процесінің барлық қатысушыларында қауіпсіздікті бұзудың негізгі себептері жылжымалы құрамға, инфрақұрылым нысандарына технологиялық қызмет көрсету мен пайдалануды сапасыз ұйымдастыру және қызметкерлердің еңбек тәртібінің әлсіз деңгейі болып табылады. Магистральдық жолдардағы бұзушылықтардың 85% Қазақстан мен басқа да мемлекеттер аумағында орналасқан бейінді ұйымдардың жылжымалы құрамды жөндеу бойынша сапасыз көрсететін қызметтеріне байланысты орын алады. Жылжымалы құрамды жөндеу технологиясын сақтамау және контрафактілік немесе сапасыз бөлшектерді пайдалану жағдайларын болдырмау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ тапсырыс беруші ретінде Қазақстанның жөндеу кәсіпорындарында аудит жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша бірнеше жөндеу кәсіпорындарының жұмысы анықталған сәйкессіздіктер толық жойылғанға дейін тоқтатылды. Қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да себептердің арасында Марат Шәкенов бөгде адамдарды қағуды, теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларын, жолға бөгде заттарды қойып кетуді, қолайсыз ауа-райы жағдайларын атады. Жалпы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмыс істеген жылдары қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштерінің көпшілігінде оң қарқын байқалады. Ағымдағы жылдың басынан бері Компания бойынша бұзушылықтардың жалпы саны 17,5%  төмендеді.

- Төмендеуге қауіпсіздікті басқару жүйесін автоматтандыру, бұзушылықтардың алдын алуға тәуекелге бағдарланған тәсіл және «қозғалыс қауіпсіздігі мәдениетінің» деңгейін арттыру есебінен қол жеткізілді", - деді Марат Шәкенов.
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда